"Астана" баскетболшылары кезекті рет жеңілді
ВТБ біріңғай лигасында өнер көрсететін қазақстандық "Астана" баскетбол клубы кеше Санкт-Петерборда кезекті ойынын өткізді. Алаң иелері алғашқы кезеңде кішігірім басымдылық көрсетті. соның арқасында олар 19-17 есебімен алға шыққан. алайда екінші кезеңде елордалықтар шапшаң шабуылдап 18-18 нәтижесін тіркеді. Бірақ, үлкен үзілістен кейін "Зенит" ойыншылары есеп айырмасын ұлғайтып тастады. Ал астаналықтар ұпай санын тек 72-ге ғана жеткізді. Қорытынды нәтиже 99-72 "Зенит" пайдасына. Айта кетейік, бұл матчта елордалық баскетболшы Родерик Одом 18 ұпай жинай алды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или