Джеймс Америка үздігі

Джеймс Америка үздігі

Спорттағы жыл үздігін Америка құрама штаттары да анықтады. Беделді "Sports Illustrated" журналы олимпиаданың 28 медальын ұтып алған Майкл Фелпсті ойындар тарихындағы ең ұлы спортшы деп таныса, баскетболшы Леброн Джеймс биылғы жылдың үздігі атанды. "Кливленд" командасының ойыншысы ұлттық баскетбол қауымдастығында үш рет жеңіске жетіп, төрт мәрте ең бағалы ойыншы атанған. 31 жасар баскетболшы екінші рет спорттағы таңдаулы тұлға мәртебесін алды. 2012-ші жылы ол "Майами" сапында осы сыйлыққа ие болғанды. <br />ЛЕБРОН ДЖЕЙМС:<br />- Бұл Мұхамед Әли, Билл Рассел, Джим Браун және Абдул-Жаппар секілді алыптардың сыйлығы. Олар өз өмірлерін спортқа арнап, осы салаға адалдық танытты. Өзгелерге үлгі бола білді. Сондықтан бұл атақ мен үшін құнды. Бүгін спорттық ғұмырымдағы ең жарқын сәттердің бірі.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или