«Астана» велошабандозы Луценконың орнына Олимпиадаға басқа спортшы барады

«Астана» велошабандозы Луценконың орнына Олимпиадаға басқа спортшы барады

«Астана» велокомандасының спортшысы 23 жасқа дейінгі санатта әлем чемпионы Алексей Луценко жарақатына байланысты Рио Олимпиадасына бара алмайды.

ҚазАқпараттың хабарлауынша, қазақстандық спортшы Францияда қорытынды жарыс алды жаттығулардың бірі уақытында көлікпен соқтығысып қалып, зардап шекті. Ол бірден Монакодағы ауруханаға жеткізілді, дәрігерлер спортшының табанының жарақаттанғанын анықтады. Дәрігерлер оған үш апта қатты қимылдан шектеу қажет деген қорытынды жасады.

«Дәл финалдық жаттығу кезінде орын алғаны өте өкінішті! Алексей Тур де Франс күрделі жарысты сәтті аяқтаған. Ол алғашқы Олимпиадада медаль үшін таласа алатынына іштей сенімді едім. Алексей жылдам сауығып кет...» - деп жазды команданың бас менеджері Александр Винокуров.

Болған оқиғаға орай, Олимпиада ойындарына «Астана» командасының белгілі велошабандозы Андрей Зейц қатысатын болды. Олимпиада құрамасының резервінде тұрған Луценко топтық жарыста да, жеке жарыста да оны алмастыратын болады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или