Какау: «Біз әлемнің үздік құрамаларымен ойнауға дайынбыз»

Какау: «Біз әлемнің үздік құрамаларымен ойнауға дайынбыз»

Футзалдан Қазақстан құрамасының бас бапкері Какау күзде өтетін Әлем чемпионатынан не күтетінін айтып берді.

— Какау, әлем чемпионатындағы қарсыластарыңызды зерттеп бастадыңыз ба?

— Иә. Демалыста жүргенімен үнемі қарсылас командаларды зерттеп жүрмін. Коста-Рика мен Аргентина құрамаларының ойындарын тамашаладым. Ал Соломон командасы жайлы ақпарат аз. Бірақ алдағы уақытта бұл мәселені шешеміз. Мен үшін биылғы жыл өте маңызды, себебі мен ата атандым.

— Жаңа маусымнан не күтесіз?

— Біз ауыр оқу-жаттығу жиындарын өткіземіз. Өйткені алда - әлем чемпионаты. Бізге жақсы дайындалу қажет, себебі ЕУРО-дан кейін барлық командалар бізге қарсы мұқият ойнайды. Ал «Қайрат» үшін ең басты мақсат - бұл УЕФА кубогы. Төрттік финалды сағындым, биыл ақтық кезеңге шығуға ниеттіміз.

— Әлем чемпионаты жайлы пікіріңіз қандай?

— Қазақстан құрамасы жайлы соңғы кездері көп айтылуда. Әсіресе Бразилияда. Бұл өте мақтан тұтарлық жайт. Бірақ енді бәріне біздің командамыз жайлы ақпарат алу оңай болмақ. Соған қарамастан біз әлемнің ең үздік құрамаларымен ойнауға дайынбыз. Біздің бапкерлік құрам жұмысты баяғыда бастап кетті. Маған Қазақстанда қызмет еткен ұнайды. Барша Қазақ елі бізге қолдау көрсетеді деген үміттемін.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или