Мен өзімнің жеңіске жеткеніме сене алар емеспін - Фабио Ару
<p style="text-align: justify;">
<strong>Астана велокомандасының капитаны Фабио Ару Тур ду Дофине көпкүндігінің үшінші кезеңіндегі жеңісі жайлы бір ауыз айтып өтті.</strong></p>
<p style="text-align: justify;">
«Мен бүгін жеңіске жеткеніме әлі де сене алар емеспін. Осы кезеңде өзімді байқап көргім келді. 20 шақырымдық көтерілу кезінде өзімді жақсы сезіндім. Содан кейін бір топ болып алға шығып алдық. Соңғы шақырымдарда берілгім келмеді. Бар күшімді салып, жеңіске жеттім. Менің мақсатым Тур де Франс екені айқын. Францияға бабымда барғым келеді», - деді Ару.</p>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или