Игита: «Мені Бразилия құрамасына шақырған, бірақ мен Қазақстанды таңдадым»

Футзалдан Қазақстан құрамасының қақпашысы Игита Бразилия қақпасын қорғауға шақырту алған сәті туралы айтып берді.

«Бразилия құрамасы ма? Бразилия сабында кімнің ойнағысы келмейді? Бұл менің бірнеше жыл бойы арманым болған, бірақ ол орындалмады. Біз УЕФА кубогында топ жарып, «Барселонаны» жеңіп жатсақ та, мені құрамаға шақырмады. Ал Қазақстан құрамында ойнауға шешім қабылдаған кезде ғана мені Бразилияға шақыртты. Бразилия құрамасы мені Кувейтте өтетін турнирге шақырғысы келген, бірақ мен Қазақстан азаматтығын алу рәсімін бастап қойғанмын. Мен Қазақстанға сөз бердім дәне оны бұза алмадым! Бұл ел маған бәрін берді. Мен оның намысын қорғап жүргенім үшін мақтанамын. Әрине, Бразилия құрамасына да әрқашан жанкүйерлік етемін, бірақ біз алаңда кездесіп қалсақ, оларды жеңу үшін барымды саламын. Себебі мен – кәсіпқой адаммын», - деді Игита.

Естеріңізге сала кетсек, Игита FutsalPlanet.com порталының нұсқасы бойынша әлемнің үздік қақпашысы атанған болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или