Какау: «Бізден жеңілген италиялықтар ашулы. Мақсатымыз – топтағы бірінші орын»

«Қайрат» АФК және Қазақстан құрамасының бас бапкері Какау ProsportKz.kz тілшісіне берген сұхбатында өткен маусым туралы пікірімен бөлісіп, демалысты қалай өткізіп жатқанын айтты, сондай-ақ, әлем чемпионатынан не күтетінін жеткізді.

«Өкінішке қарай, сол матчта «Югра» мықтырақ болды»

– Какау, демалыс кезінде «Қайрат» үшін сәтсіз маусымды ұмыта алдыңыз ба? Қазақстан чемпионаты, ел Кубогы және «Еременко кубогында» топ жарғандарыңызбен, УЕФА кубогында жеңіліп қалдыңыздар...

– Маусымның сәтсіз болғанымен келіспеймін. Мен мұнда, «Қайратқа» келген төрт жылымда біз УЕФА кубогын екі рет жеңіп алдық, ешкім мұндайға қол жеткізе алған жоқ. «Юграға» қарар болсақ, олар «Төрттік финалында» алаң иелері «Интерді» жеңіп, УЕФА кубогының жеңімпазы атанды. Көп маман бізге ресейлік клубтан жеңілмеуіміз керектігін айтып өтті. Бірақ жағдай осылай болды. Ал егер маусымды толығымен бағалайтын болсақ, қанағаттанарлық. Әрине, тамаша емес.

– Команда УЕФА кубогынан ұшып кеткең соң, қандай жағдайда болды?

– Өте ауыр. Біз өзімізге сенімді болғанбыз. Бірақ, көңіл-күйді түсіруге болмайды, мықты қарсыласқа жол бердік. Өкінішке қарай, сол матчта «Югра» мықтырақ болды.

– Какау бапкер өзі үшін қандай қорытынды жасады?

– Біздің тактикамыз «Газпромға» қарсы сәтсіз болғанын түсіндім, мен өз қатемді білемін және жеңілісті мойындаймын. Егер болашақта «Юграмен» кездессек, басқаша тактика қолданамын. Бірақ бұл «беске төрт» ойынынан бас тартамын деген сөз емес, жәй ғана тактика қорғаныста басқаша болады.

– Қазақстан құрамасының жеңісі «Қайраттың» сәтсіздігін ұмыттыра алды ма?

– Құрамадағы жеңістер ұмыттыра алмайды. Біз «Қайратпен» нашар маусым өткізген жоқпыз. Иә, біз күткендей болмады, бірақ ол қанағаттанарлық жағдайда болды. Қазақстан құрамасы бөлек дүние. Ұлттық команда ойыншыларының мықтырақ болып, кәсіби тұрғыда өсіп, ойынның тактикасын жақсырақ біле бастағаны үшін бақыттымын. Дінмұхамет Сүлейменовтың қалай ойнағанын, ойын уақыты аз болса да, Серік Жаманқұловтың қалай Еуропаны тік тұрғызғанын көру ұнайды маған. Серік Еуропа чемпионатының үздік бомбардирлерінің қатарында болған алғашқы қазақстандық атанды. Бұл ғажайып емей немене? Менің ойымша, еліміз бізбен мақтанады.

– Сіз үшін қайсысы маңыздырақ – УЕФА кубогындағы жеңіс пе, әлде Қазақстан құрамасымен қола жүлде ме?

– «Қайраттың» УЕФА кубогындағы екі жеңісі – бұл клуб үшін тарихи жетістік, Еуропада ең белгілі клубтардың бірі атанды. Маған бұл клуб көп нәрсе берді, осы жеңістерден кейін мен атақты болдым, жеке тұлға және маман ретінде өстім, тәжірибем деартты. Клуб басшылығына маған артқан сенімі үшін алғысымды білдіремін. Қазақстан құрамасы менің басшылығыммен өсіп келе жатқанын көрсем, қуанамын. Оның үстіне, бізге ешкім сенбеген кезде тарихи жетістікке жеткеніміз де бақыт сыйлайды. Біз Еуропа чемпионатында үшінші орын еншіледік, ал бұл қазақстандық футзал үлкен қадаммен дамып келеді деген сөз. Мұны бәрі бізге жоғарыдан қарап тұрған шақта жасадық, сондықтан көбі үшін бұл «қола» «алтынмен» тең.

«Қайратпен» келісім-шартымды соңына дейін жеткізгім келеді»

– Футзалды сағынып қалған шығарсыз?

– Өте! Мен ұзақ уақыт бойы ойынсыз жүре алмадым, сондықтан қазір Чехиядамын, өзімнің бұрынғы клубым «Эро-Пакқа» көмектесіп жатырмын. Ойындарды қарап, «Қайратты» күшейту үшін шақыратын ойыншыларды бақылап жүрмін. Мұнда Бразилия, Испания, Португалия және Ресейден ойыншылар көп. Олардың бәрімен де сөйлесемін.

– Қазақстан футзал қауымдастығымен келісім-шартты ұзарту туралы сөйлестіңіз бе?

– Иә, мұндай әңгіме болды. Келісімнің түрлі шарттары туралы сөйлестік, сондықтан бәрі жақсы. Қазақстанда бақытты екенімді айтқым келеді. Мен мұнда жұмыс істепкеле жатқаныма тоғыз жылдай болды. Қазақстанды жақсы көремін, бұл мемлекетте көп нәрсе үйрендім. Басқа клубтар мен командалардан ұсыныстар болған, бірақ оларды қабылдаған жоқпын.

«Біздің ұжымымыз – басты қаруымыз!»

– Маусымның қорытындысы бойынша командадан кететін немесе келетін ойыншылар бар ма?

– Әрине. Жақсы ойыншылар келеді, кейбірі командадан кетеді. Кей ойыншылармен келіссөз жүргізіп жатырмыз.

– «Қайрат» пен Қазақстан құрамасының жиындары қай уақытқа жоспарланған?

– 15 шілдеге. Біз клуб пен құрама ойыншыларын жинаймыз. Барлығын бір дайындамақпыз. Біз қазір «Қайратты» УЕФА кубогына, ал құраманы әлем чемпионатына дайындау жүйесін жасап жатырмыз. Мұны жасау қиын болады, маусым да сондай болмақ. Бірақ өзіңді клубта да, құрамада да көрсете алатының қуаныш сыйлайды.

– Біздің команданың мүмкіндігі қандай?

– Мүмкіндігіміз жақсы сияқты. Командалар қазір бізге дайындалып жатқанын түсінеміз, бізді көбірек құрметтей бастады. Бір жағынан, біз де сенімдірек бола бастадық. Хорватия, Италия, Сербияны жеңіп, Еуропаның үздік командасы Испанияға қарсы терезесі тең ойын көрсеттік, сондықтан әлемнің басқа да үздіктеріне қарсы тұруға күшіміз жететініне сенеміз. Біздің ұжымымыз – нағыз қаруымыз!

– Кіммен қарсылас болғыңыз келеді және, керісінше, кіммен болғыңыз келмейді?

– Әлем чемпионатында қарсылас таңдау қиын. Кез келген команда өте мықты, ол жақта осал қарсылас болмайды. Әрине, Бразилия құрамасымен ойнағым келеді. Неге екенін түсіндірудің керегі жоқ деп ойлаймын. Испандармен тағы да кездессек деймін. Италиялықтар Еуропа чемпионатындағы жеңілістен кейін бізге ашулы. Командалар көп. Біздің мақсатымыз – мықты командаға түсіп қалмас үшін топта бірінші орын алу. Кейін Еуропа чемпионатында көрсеткенімізді қайталауға тырысамыз.

– Ойын кезінде қолданатын ерекше тактикаңыздың кесірінен сынды көп естисіз бе?

– Жеткілікті. Бапкерге айтылатын сын мен мақтау – қалыпты жағдай, жұмысымыздың бір бөлігі. Соны қабылдауымыз керек. Қашан да айтып жүремін: тәртіп бойынша бесінші ойыншыны пайдалануға рұқсат берілсе, мен оны пайдаланамын. Осы тактиканың арқасында «Қайрат» екі рет УЕФА кубогымен «Ерменко кубогын» жеңіп алды, құрлықтық Кубокта топ жарды, Қазақстан құрамасы үлкен жеңістерге қол жеткізді, сондықтан мен осы тактиканы қолданамын.

– Көптеген футболшылардың өз бизнесі бар. Ал бапкерлердің ше?

– Өзімнің бизнесім жоқ, футбол және футзал ойыншыларын тәрбиелейтін жобам бар. Футзал ойыншыларының көп болғанын қалаймын.

– Бір күні бапкерлік қызметіңізге қызығушылықты жоғалтып аламын деп ойламайсыз ба?

– Бәрін тастап кеткім келген сәттер болды, әсіресе, ащы жеңілістерден кейін. Мысалы, «Газпромнан» ұтылып қалған соң. Бұл мансабымдағы ең өкінішті күндердің бірі болды. Бірақ келесі күні күшімді қайта жидым. Мені қажет ететін адамдардың бар екенін түсіндім, бұлар – көбіне ойыншылар, оларға мен жауаптымын. Оларды сергітіп, күш беруім керек. Біздің мансабымызда әр түрлі жағдай болады: жеңілістер, жеңістер. Мен қашан да айтып жүремін: жеңілістер үлкен тәжірибе береді! Бәрін жеңе беру мүмкін емес. Біз үш жылдың ішінде УЕФА кубогын екі рет ұтып, жақсы нәтижелерге қол жеткіздік. Әрине, әрқашан бәрін де жеңе бергіміз келеді, бірақ бұл мүмкін емес, басқа мықты командалар да бар.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или