Какау: «Мен қазір өз жігіттерімді тастап кете алмаймын»

Какау: «Мен қазір өз жігіттерімді тастап кете алмаймын»

Футзалдан Қазақстан құрамасының бас бапкері Какау біздің елде жұмыс жасауын жалғастыра беретінін айтты.

Жақында отандын БАҚ-та Какаудың әзірбайжандық басылымның тілшісімен сұхбаттасып, Әзірбайжан құрамасынан ұсыныс болса, қуана қабылдайтынын айтқаны туралы хабарланған болатын. Бұл туралы Какаудың өзі «Қайрат» АФК баспасөз-қызметіне түсіндіріп берді.

«Қазақстан ұлттық құрамасын төрт жыл бойы ешқандай келісім-шартсыз-ақ жаттықтырғанымды ескеріңіздер. Бірақ бұған аса мән берген жоқпын. Өйткені, Қазақстан менің екінші үйім болып кетті. Иә, Әзірбайжан ұлттық құрамасынан түскен ұсыныс қаржылық тұрғыдан қызықтырды. Дегенмен, егер келісім берсем, онда «Қайраттан» да кетуім керек еді. Ал бұл клубпен 2018 жылдың мамыр айына дейін келісім-шартым бар. Сондықтан, ҚФФ-мен кез-келген уақытта жаңа келісім жасасуға дайынмын. Қанша дегенмен алдымызда Колумбияда өтетін әлем чемпионаты күтіп тұр. Егер осындай жауапты кезеңде команданы тастап кетеді деп ойласаңыздар, онда мені әлі дұрыс білмейді екенсіздер. Әзірбайжан тарапына жайлы ұсыныс үшін тағы да алғыс айтамын. Бірақ мен қазір өз жігіттерімді тастап кете алмаймын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или