Алматылықтар қала әкімімен бірге алғашқы велошеруге қатысты

Алматылықтар қала әкімімен бірге алғашқы велошеруге қатысты

Бүгін велоспортты жаны сүйетін алматылықтар таңмен таласа тұрып, велосипедпен серуендеу үшін сағат жетіде Нұрлы Тау маңына жиналды. Велосеруенге 1 мыңнан аса алматылық қатысты.

BNews.kz ақпараттық порталының мәлімдеуінше, велошеруден қала әкімі Бауыржан Байбек пен дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Наиль Нұров та қалыс қалмады.

«Саламатты өмір салтын ұстанатын жандардың көптігіне қуанып отырмын. Біздің қатарымыз күн санап толыға береді деген үміттемін», - деді әкім.

Шаһар басшысын Наиль Нұров та қолдады.

«Қаламыздың әкімі Бауыржан Байбек алматылықтардың дені велосипедке көшкенін қатты қалайды. Сол себепті біз әр демалыс сайын 30-40 минуттан велосеруен ұйымдастырып отыруды ұйғардық. Маршрут өзгеріп отырады, алайда басталуы мен уақыты сол күйі қалады», - деп атап өтті Н.Нұров.

Естеріңізге салып өтсек, Нұрлы Тау бизнес орталығының алдынан басталатын велосеруен әр жексенбі таңғы сағат 8:30-да өткізіліп тұрады. Бүгін велосипед тізгіндеген кәрі-жас мәре сызығын Ташкент көшесіндегі Прайм Плаза маңында кесті.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или