Лео әлемнің үздік футзалшысы атағына үміткер

Футзалдан алматылық «Қайрат» пен Қазақстан құрамасының ойыншысы Лео 2015 жылдың қорытындысы бойынша әлемнің үздік ойыншысы атағына үміткерлер тізіміне енді.

Futsalplanet 2000 жылдан бері футзалдан әлемдегі ең үздік ойыншыны анықтап келеді. Әр футзалшының 2015 жылдағы жетістіктері есептелетін болады.

Лео былтырғы маусымда «Қайратпен» бірге Қазақстан чемпионы мен кубогында топ жарды. Сонымен қатар, бразилиялық футзалшы Қазақстан құрамасының Еуропа чемпионатына жолдама алуына көмектесті.

Айта кетейік, мұнда Қазақстан құрамасының биыл өткен Еуропа чемпионатындағы жетістігі қосылмайды.

2015 жылы әлемнің үздік футзалшысы атағына үміткерлер:

Гадейя (Бразилия құрамасы, «Интелли-Орландия»)

Али Асгхар Хассанзаде (Иран құрамасы, «Норильский Никель» — «Тасисат Дарьяэй»)

Мохаммед Кешавар (Иран құрамасы, «Гити Пасанд Исфахан» — «Тасисат Дарьяэй»)

Лео (Қазақстан құрамасы, «Қайрат»)

Макси Рескья (Аргентина құрамасы, «Пескара с5»)

Мерлим Бабалу (Италия құрамасы, «Альтер Эго Лупаренсе» — «Спортинг»)

Мигелин (Испания құрамасы, «ЭльПосо Мурсия»)

Рикардинью (Португалия құрамасы, «Мовистар Интер»)

Родриго (Бразилия құрамасы, «Магнус Футзал»)

Сими (Бразилия құрамасы, «Коринтианс Паулиста»).

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или