Гватемаладан Колумбияға дейiн. Биыл медаль бола ма

Гватемаладан Колумбияға дейiн. Биыл медаль бола ма

Футзалдан Қазақстан құрамасы Польшаны жеңіп, әлем чемпионатына жолдама алды. Бұл футзалшыларымыздың әлемдік додаға бірінші рет баруы емес. «PROСПОРТ» тілшісі 2000 жылы өткен әлем чемпионатын еске түсірді.

Футзал спорты елімізде соңғы жылдары жақсы таныла бастады. Сондықтан тура 16 жыл бұрын Қазақстан құрамасының әлем біріншілігіне қатысқанын біреу білсе, біреу біле бермейді.

2000 жылы Гватемалада өткен әлемдік додада он алты құрама бақ сынаған. Олардың үш жолдамасы Азия елдеріне берілді. Сол кезде сары құрлықта өнер көрсететін Қазақстан құрамасы Иран және Таиландпен бірге үш жолдамаға ие болған.

Турнир дебютанттары өзі үшін алғашқы әлем чемпионатында «өлім тобына» түсті. «А» квартетінде Қазақстанмен қатар Бразилия, Португалия және Гватемала құрамалары болған. Соңғысының турнир қожайыны екенін, ал бразилиялықтар мен португалиялықтар, сайыс қорытындысы бойынша, тиісінше, екінші және үшінші орындарды алғанын ескерсек, Қазақстан үшін топтағы үш матч та оңайға соқпағаны анық.

Алғашқы турда Қазақстан құрамасы бразилиялық футзалшылармен кездесті. Оңтүстік америкалықтар сол кезге дейін өткен үш әлем чемпионатында да «алтын» жүлде алған болатын. Сондықтан Мануэль Тобиас бастаған бразилиялықтар Қазақстан қақпасына 12 гол тоғытты. Бұған біздің футзалшылар бір доппен жауап қатты. Екінші турда қазақстандықтар турнир қожайындарымен күш сынасты. Тартысты өткен кездесуде Қазақстан Гватемала қақпасына бес гол соққан еді, өкінішке қарай, өз қақпасына алты доп жіберіп алды. Ал соңғы турда біріншіліктің болашақ қола жүлдегерлері Қазақстанды 6:2 есебімен тізе бүктірді. Осылайша, Қазақстан құрамасы алғашқы әлем чемпионатында үш кездесуде де ұтылып, топта соңғы орын алған болатын.

Араға 16 жыл салып Қазақстан құрамасы әлемдік жарысқа тағы да жолдама алды. Бұл жолы қазақстандықтар Еуропаның атынан шығады. Біздің футзалшылар Кәрі құрлыққа берілген жеті жолдаманың бірін ұтып алды.

Естеріңізге сала кетсек, біздің құрама былтыр желтоқсан айында Словения, Чехия және Франция құрамаларын артта қалдырып, іріктеу тобында бірінші орын алған болатын. Артынша, Какау шәкірттері Польшаны екі ойынның қорытындысы бойынша 8:1 есебімен тас-талқан етті. Колумбия елінде қыркүйектің 10-ы басталатын әлемдік додадағы Қазақстанның қарсыластары мамыр айында белгілі болады.

Биыл Сербияда барша Еуропаны шулатып, сенсация жасаған Қазақстан құрамасы енді қыркүйекте бүкіл әлемді өзіне қарата алады деп сенеміз.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или