«Қайрат» «Інжу» командасын тас-талқан етті

«Қайрат» футзал клубы өз алаңында ақтөбелік «Інжу» командасымен кездесті.

Кеше ғана Польша құрамасын жеңген Қазақстан құрамасының негізгі ойыншылары бүгінгі «Қайраттың» «Інжуге» қарсы ойынына қатыспады. Алматылық клубтың бас бапкері Какау тізімге Игита мен Леоны қоспады. Сондай-ақ, ойынға Игор мен Шыңғыс Есенаманов қатыса алмады. Соған қарамастан, алматылық клуб «Інжуді» тас-талқан етті. Диваней алты гол соқса, Першин, Нұрғожин мен Эвертон бір-бір голдан соқты. Венгриялық футзалшы Дрот дубльдің авторы атанды. «Інжу» сабында Досов, Иманалин мен Жанасов көзге түсті. Қорытынды есеп - 11:3.

Футзалдан Қазақстан чемпионат. Бірінші матч

«Қайрат» - «Інжу» - 11:3 (4:0)

Голдар: Нұрғожин 6, Дрот 16, 25, Диваней 18, 28, 30, 38, 39, 40, Першин 19, Эвертон 24 - Досов 36, Иманалин 39, Жанасов 40

«Қайрат»: Янов, Эвертон, Жаманқұлов, Сүлейменов, Першин, Дрот, Нұрғожин, Дрот, Диваней, Дуглас, Гуров, Ронкальо

«Інжу»: Шамро, Иманалин, Кистоубаев, Хамитов, Туреғазин, Досов, Жылнайзар, Жарылғанов, Байдулла, Махманов, Изиев, Тілеушінов, Болегиев, Жанасов

Төрешілер: Каниев, Стрелков (екеуіде - Тараз)

13 сәуір 2016. «Қайрат» СК, Алматы.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или