ҚФФ президенті Ерлан Қожағапанов Қазақстан құрамасын құттықтады

ҚФФ президенті Ерлан Қожағапанов Қазақстан құрамасын құттықтады

Қазақстан футбол федерациясының президенті Ерлан Қожағапанов футзалдан Әлем чемпионатына жолдама алған Қазақстан Ұлттық құрамасын құттықтады.

«Құрметті достар! Бүгін біздің футзал құрамасы кезекті рет төрткүл дүниені таңғалдырып, Польша құрамасын 7:0 есебімен айқын ұтты. 2016 жылы өтетін Әлем Чемпионатының жолдамасы сарапқа салынған тарихи матчта мықты қарсылас саналған құраманың жолын бүгедік.

Қазақстан құрамасы осыдан 16 жыл бұрын Әлем Чемпионатына қатысқан еді. Енді күзде өтетін дүбірлі додада жерлестерімізге жанкүйер боламыз.

Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында жиналған жанкүйерде есеп болмады. Олардың көрсеткен қолдауын сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Әлемдік деңгейдегі жарыстарда өз командасына қолдау көрсететіндер кем болған жоқ. Рахмет Сіздерге! Жігіттеріміздің бізге әлі талай рет жеңіс сыйлайтынына сенімдімін.

Бүгінгі жеңіс Қазақстан үшін үлкен мереке! Біз өз ойыншыларымызды мақтан тұтамыз! Барлықтарыңызға жеңіс құтты болсын!

Құрметпен, Ерлан Қожағапанов», - делінген құттықтау хатында.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или