Томаш Лутецки: «Қазақстандық жанкүйерлер бізге қысым жасады»

Футзалдан Польша құрамасының ойыншысы Томаш Лутецки ProsportKz.kz тілшісіне Қазақстанмен өткен ойын жайлы айтып берді.

- Томаш, мұндай ірі есеппен ұтыламыз деп ойладыңыздар ма?

- Қазақстан құрамасына төтеп бере алмадық. Тым көп қате жібердік. Бұған қоса, ойынға келген жанкүйерлер бізге қысым жасады.

- Польшада жанкүйерлер мұндай қолдау көрсетпейді ме?

-Польшада да жанкүйерлер жиналады, бірақ мұндай қолдауды ешқашан көрген емеспін. Бұл өмірімнің соңына дейін есімде қалады.

- Әлем чемпионатында Қазақстан құрамасынан не күтуге болады?

- Жоғары нәтиже көрсетеді деген ойдамын. Менің ойымша, Қазақстан құрамасы кем дегенде әлем чемпионатының жартылай финалына шығады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или