Какау жеңістен кейін көз жасына ерік берді

Қазақстан құрамасы Польшаны жеңіп, Колумбия жерінде өтетін Әлем чемпионатының жолдамасына ие болғаннан кейін Ұлттық құраманың бас бапкері ойыншылары мен жаттықтырушылар алқасына алғысын айтып, қазақ еліне ризашылығын білдірді.

«Мен үшін құраманың әр ойыншысы - нағыз қаһарман. Олар ақша үшін емес, ел абыройы үшін ойнайды. Сонымен қатар, жарақаттанған ойыншыларды аяқтарына тік тұрғызған, қақпашыларымызды үнемі жоғары деңгейде ұстаған жаттықтырушылар құрамына да алғысымды айтқым келеді.

Көбі мені менің ұстанатын тактикама қарап ақымақ деп ойлайды. Алайда олар қатты қателеседі. Әрине, бұл өте тәуекелді қажет ететін тактика. Дегенмен, менің қол астымда әлемдегі ең үздік қақпашы өнер көрсетеді. Менің жеткен жетістіктерімнің бәрі - менің ойыншыларымның арқасы. Олар маған, мен оларға қалтқысыз сенемін.

Сонымен қатар, бүгін қолдауға келген әрбір жанкүйерге алғысымды айтамын. Қазақстанда тұрып жатқаныма біраз уақыт болып қалды, маған бұл жерде жұмыс істеу үлкен абырой» , - деп матч соңындағы баспасөз-мәслихатында ағынан жарылған Какау сөзінің соңында көз жасына ерік беріп, жылап жіберді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или