Игита: «Қаным бразилиялық, ал жүрегім қазақ деп соғады»

Қазақстан құрамасының қақпашысы Игита ProsportKz.kz тілшісіне Польшаға қарсы өткен кездесу жайлы пікірімен бөлісіп, ойынның қиын болғандығы және де Колумбия жерінде өтетін Әлем біріншілігіндегі қарсыластары туралы айтып берді.

- Әлем біріншілігінен не күтесіздер?

- Сербия елінде өткен Еуропа чемпионатындағыдай өте қиын болмақ. Бұл жолы дүбірлі додаға әлемнің үздік 24 құрамасы қатысады. Өміріміздегі ең қиын жарыс болады. Әрине, дайындықты күшейте түсеміз. Қарсыластарымыздың ойындарын қарап, мықты және осал тұстарын зерттейміз.

- Қазақстан үшін Әлем чемпионатындағы ең басты қарсылас кім болады деп ойлайсыз?

- Әрине, Бразилия құрамасына қарсы ойнау қиын болмақ. Бразилия барлық құрамаға ауыр қарсылас. Өкінішіке орай, біз қарсыластарымызды таңдай алмаймыз. Сол себепті де барлық құрамаларға қарсы дайындық жұмыстарын жасаймыз.

- Бразилияға дәлелдейтін нәрсең бар ма?

- Бразилия елі қандай қақпашыдан айырылғанын дәлелдегім келеді. Олар мені кеш шақырды. Шақырған кезінде мен Қазақстан азаматтығын қабылдап қойған едім. Енді мен Қазақстан үшін ғана ойнаймын. Бұл ел маған бәрін берді. Осындай деңгейге жетуге мүмкіндік алдым. Бразилияда барлық ойыншылар сияқты жоғары деңгейде ойнайтын боламын. Оған қоса, Бразилия менің туған жерім.

- Сен қазақсың ба әлде бразилиялықсың ба?

- Әрине, мен қазақпын! Бір жылдың он айын Қазақстанда өткізсем, қалған екі айда ғана Бразилияда боламын. Менің қаным бразилиялық, жүрегім қазақ деп соғады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или