Күт бізді, Колумбия! Қазақтар келе жатыр

Күт бізді, Колумбия! Қазақтар келе жатыр

Қыркүйек айында Колумбия жерінде өтетін Әлем біріншілігінің жолдамасын бүгін Қазақстан және Польша құрамалары сарапқа салды. Алғашқы кездесуде поляк жерінде тең түскен қос құрама, Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында шешуді ойынды өткізді.

Әлем чемпионатының жолдамасы сарапқа салынатын маңызды матчта Ұлттық құраманы қолдауға жанкүйерлер көптеп келді. Какау шәкірттеріне бүгін Нұрғожин мен Есенаманов көмектесе алмайды, ал өзге футзалшылар бұл ойынға сақадай сай.

Маңызды ойынды Қазақстан құрамасы әдеттегідей шабуылмен бастады. Алғашқы соққыны Игита жасады. Оның шиіре тепкен добы қақпадан биіктеу ұшты. Артынша, Лео қақпа маңына берген тамаша пасына Довгань жете алмады. 2 минут өткеннен соң шабуылға араласқан Игита қақпаның дәл көздеп, есепті ашты. Бірер минуттан соң Қазақстан футзалшыларына қарсы ереже бұзылды. Леоның жасаған жойқын соққысын поляк қақпашысы әрең қайтарды. Шабуылға белсене кіріскен Какау шәкірттерінің қарқынына Польша футзалшылары әрең шыдас берді. Леоның кезекті соққысының бірі қақпа бағанасына тиіп кері қайтты, екінші деммен Дуглас та бағанаға тигізді. Кішігірім тайм-ауттан кейін Серік Жаманқұлов есепті еселей түсті. Алаңға қосылған құрама капитаны Димаш Сүлейменов сол қапталдан сытылып өтіп, ашық тұрған Серікке пас берді. Алғашқы таймның бесінші минутында Серік Жамақұловтан пас алған Дуглас допты қақпаға тура бағыттады. Есеп – 3:0. Кезекті шабуылдардың бірінде Лео өзінің үшінші голын соғатын мүмкіндігі болды. 10 минутта Польша құрамасының ойыншысы Миколаевичтің жойқын соққысын Игита қайтара алды. Бірінші таймның аяқталуына 6 минут қалғанда Жаманқұлов есептi 4:0-ге жеткізді. Оң қапталдан басталған шабуылда Дуглас қақпаға соққы бағыттаған еді, алайда Кжыска допты қайтара білді. Дегенмен, допқа бірінші болып үлгерген Серік екінші голын соқты. Арада екі минут өтісімен Дуглас Польша құрамасының бос қақпасын дәл көздеп, дубль авторы атанды.

Екінші тайм басталысымен Какау шәкірттері шабуылға лап қойды. Лео қорғаушылардан сытылып өтіп жасаған соққысы қақпа маңдайшасына тиді. Артынша Лео алыстан бос қақпаға допты дөп түсірді. Ойынның 30-шы минутында Дугластан пас алған Кнауб есепті 7:0-ге жеткізді.

Осылайша, Қазақстан құрамасы еліміздің футзалы тарихында екінші мәрте Әлем чемпионатына барғалы отыр. Бұған дейін, Азия құрлығында өнер көрсеткенде, нақтырақ айтқанда 2000 жылы әлемдік біріншілікке қатысқан болатын. Енді міне, кәріқұрлықты мойындатып, Америка материгін бағындыруға бел буды.

Әлем чемпионаты. Іріктеу кезеңі. Алғашқы ойын 1:1

Қазақстан - Польша - 7:0 (5:0, 2:0)

Голдар: Игита 1:0, Жаманқұлов 2:0, Дуглас 3:0, Жаманқұлов 4:0, Дуглас 5:0, Лео 6:0, Кнауб 7:0

Қазақстан : Игита 2 , Лео 6, Довгань 9, Дуглас 19, Першин 11 – Шамро 1, Кнауб 3, Гребонос 4, Пенгрин 7, Жаманқұлов 5, Мун 14, Таку 15, Сүлейменов 8, Мұрзабаев 17

Польша: Кжыска 1, Кубик 2, Патер 4, Заставник 7, Миколаевич 10 – Наврат 12, Качмар 3 , Войцеховски 5, Мизгайски 6, Якубяк 11, Солецки 8, Лютецки 9, Марек 13, Гладчак 14

12 сәуір 2016 жыл. Алматы қаласы, Балуан Шолақ атындағы спорт кешені

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или