Какау: «Біздің міндет - қалай да болсын жеңіске жету»

Әлем біріншілігің іріктеу кезеңі аясында Қазақстан мен Польша құрамалары арасындағы қарымта кездесудің алдында ҚФА вице-президенті Нұржан Доскеев, Қазақстан құрамасының бас бапкері Какау мен Ұлттыұ құрама ойыншысы Серік Жаманқұловтың қатысуымен баспасөз-мәслихаты өтті.

Қазақстан құрамасының бас бапкері Какау:

- Жана ғана ертеңгі кездесудің барлық билеттері сатылып кеткендігін естідім. Бұл дегеніміз ертең қолдаудың мықты болатынын білдіреді. Демек, біздің құрама екі есе күшті ойнай түседі. Ертеңгі ойын бапкер үшін маған өте маңызды болмақ. Сонымен қатар, Қазақстан футзалы үшін де тарихи сәт. Жанкүйерлер бізге керемет қолдау көрсетіп, алтыншы ойыншы болатынына үміттенемін. Менің құрамама, менің ойыншыларыма қолдау көрсетулеріңізді сұраймын.

«Тұлпардың» ойыншылары тас-түйін дайын. Менің өтінішім бойынша, оларды екінші сәуір күні шақырттық. «Қайраттың» жаттықтырушысы соларға арнап арайын бағдаралама жасап, сол бойынша дайындық жұмыстарын өткізді.

Өткен кездесудің алдында мен жігіттерге Польша құрамасының мықты екендігін, абайлап ойнау керектігін айттым. Алайда олар алаңға босаңсып шықты. Польша - өте мықты құрама. Ертең аса сақтықпен өнер көрсету қажеті. Бірақ та біздің міндет қалайда болсын жеңіске жету. Әйтпеске болмайды, себебі бізді қолдауға мыңдаған адам жиналады.

Қазақстан құрамасының ойыншысы Серік Жаманқұлов:

- Польшадағы бірінші кездесу бізге сабақ болды. Ойынды саралап, қателіктерді түзеп, өзгерістер әкелдік. Өз алаңымызда ойнау әркімге қосымша жігер береді. Ертең әрбір жанкүйер алаңдағы алтыншы ойыншы болады деп сенемін.

Қазақстан футзал ассоциациясының вице-президенті Нұржан Доскеев:

- Құраманың бірнеше белді ойыншылары түрлі себептерге байланысты ертеңгі ойынға қатыспайды. Олар: Серік Жаманқұлов жарақатына байланысты, Шыңғыс Есенаманов жақында ғана ота жасатты. Ал Дәурен Нұрғожин ескерту қағаздарының көптігіне байланысты Польшаға қарсы матчта көмектесе алмайды. Бірақ, Какау шеберлігіне сенім артып, ертеңгі кездесуде жеңіске жетеміз деп ойлаймын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или