Рикардиньо Ресей чемпионатында өнер көрсетуі мүмкін

Португалия құрамасы белді ойыншысы Рикардиньо алдағы уақытта командасын ауыстыруы мүмкін екендігін айтты, деп хабарлайды footballreview.ru.

Айта кетейік, загребтік «Насьонал» клубы Рикардиньоны қатарында көру үшін «Мовистар Интер» командасына 1 миллион еуро төлеуге дайын екендігін, ал футзалшының өзіне жылына 500 мың еуро көлемін жалақы алатын келісімшарт ұсынған болатын.

«Мұндай ұсыныстарды дұрыстап қарау керек, өйткені футзалшының ғұмыры өте қысқа. Жұмысыңды жақсы көріп істеген кезде, өзіңді құрметтегенді қалайсың. Отбасымды жанкүйерлердің қошеметімен асырай алмаймын. Егерде солай болса, құдай шүкір, таршылық көрмейтін едім, өйткені мені шын жақсы көреді.

Жалғыз «Насьоналдан» ғана ұсыныс түскен жоқ. Сонымен қатар Дубаи мен Ресейден ұсыныстар келіп түсті. УЕФА Кубогының төрттік Финалы алдында ойымды басқа нәрсемен бұзғым келмейді, алайда мұны да бір жақты етіп, ойлау керек», - дейді Рикардиньо.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или