Какау: «Он екінші сәуір —Қазақстан үшін маңызды күн»

Какау: «Он екінші сәуір —Қазақстан үшін маңызды күн»

Футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасының бапкері Какау Польшаға қарсы қарымта матч алдында жанкүйерлердің қолдауы маңызды екенін айтты.

«Польшаға қарсы ойын біз үшін қиын болатынын сездім. Олар алдыңғы ойындарында жеңіліс тапты. Дегенмен, бізге қатты дайындалған.

Бізге әлі көп жұмыс істеу керек. Өткен матч туралы айтатын болсам, бірінші таймда есеп 2:0 немесе 3:0 болу керек еді. Бір голдан артық соға алмадық. Қарсылас команда біздің тактикаға ерекше дайындалған. Екінші кезеңде олар мықтырақ көрінді.

Алдағы матч кезінде бізде басымдық болады. Жанкүйерлер Балуан Шолаққа көптеп келеді деп сенемін. Қазақстан - әлем чемпионатына жолдама алуы тиіс. Сондықтан аянып қалмаймыз. Бұл өте қиын болады, себебі поляктар құр жүрген команда емес. Олардың тәжірибесі мол, бізге қарағанда. Қазақстан құрамасының жағдайы да айтарлықтай керемет болып тұрған жоқ: Лео мен Дуглас Еременко Куьогынан кейін енді жаттығуға кірісті. Дуглас бірден ойынға келеді. Есенаманов емделіп жүр. Нұрғожиннің жарақаты бар. Довгань сырқаттанды.

Он екінші сәуір — біз үшін ғана емес, бүкіл Қазақстан үшін маңызды күн. Жанкүйерлер поляктарды жеңуге көмектеседі деп сенемін. Бізді қолдаңыздар!», — деді Какау ProsportKz.kz сайына берген сұхбатта.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или