Қазақстан құрамасы қолда тұрған жеңісті сақтай алмады

Футзалдан Қазақстан құрамасы Польша командасымен тең тарқасты.

Қос кездесуден тұратын жекпе-жектің жеңімпазы биыл желтоқсан айында Колумбияда өтетін әлем чемпионатына жолдама алады. Сондықтан қос құрама үшін де Польшада өткен матч маңызды болатын.

Какау бірінші минуттан ойынды бастауға өзінің сенімді де тәжірибелі футзалшыларына мүмкіндік берді – Игита, Жаманқұлов, Лео, Довгань, Лео. Кездесу қонақтар үшін жемісті басталды. 4-минутта Серік Жаманқұлов ұрымтал тұстан мүлт кетпеді – 1:0. Үзіліске дейін командаларда есепті өзгертетін бірнеше мүмкіндік болғанымен, тоблодағы көрсеткіш өзгермеді. Бірінші тайм Қазақстан құрамасының басымдығымен өтті деуге болады. Какау шәкірттері 14 соққы жасады, оның алтауы қақпаға дәл бағытталды. Польшалықтар болса, өздері тепкен 10 соққының екеуін ғана нысанаға дәл жасапты.

Екінші таймда қазақстандық футзалшылар бар күшімен шабуылға ұмтылмай, қорғанысқа көңіл бөле бастады. Бұл есептің қолайсыз екенін ұққан алаң иелері шабуылын үдете түсті. Дегенмен, Игита қақпасына анау айтарлықтай қауіп төнбеді. Осыны ұққан Польшаның бас бапкері таймның ортасына таман алаңға қақпашының орнына бесінші ойыншысын қосты. Бірақ бұл алаң иелерінің алдыңғы шепте серпіле ойнауына көмектеспеді. Керісінше, Еуропа чемпионатының қола жүлдегерлері Кжыска қорғаған қақпаны жиі торуылдаумен болды. Әйтсе де, қазақстандықтар қолда тұрған жеңістен кездесудің аяқталуына 27 секунд қалғанда айырылып қалды. Миколаевичтің жақын бұрышқа жасаған соққысын Игита кері қайтара алмады. Қорытынды есеп – 1:1.

Осылайша, Польшада өткен матч айқын жеңімпазды анықтап бере алмады. Әлем чемпионатына кімнің қатысатыны енді Қазақстанда өтетін қарымта матчта белгілі болады. Бұл матч 12 сәуірде өтеді.

Польша – Қазақстан 1:1 (0:1)

Голдар: 0:1 – Жаманқұлов 4, 1:1 – Миколаевич 40

Польша: Кжыска, Наврат, Кубик, Заставник, Миколаевич, Кризель, Кравчик, Патер, Войцеховски, Мизгайски, Солецки, Лютецки, Марек, Гладчак

Қазақстан: Игита, Шамро, Жаманқұлов, Лео, Довгань, Дуглас, Кнауб, Гребонос, Пенгрин, Сүлейменов (к), Першин, Мун, Таку, Нұрғожин

Ескерту: Нұрғожин 20

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или