«Синара» «Астана-Тұлпардың» тас-талқанын шығарып, қола жүлдеге ие болды

Еременко Кубогының қола жүлдесі үшін жарыстың соңғы күні елордалық «Астана-Тұлпар» мен ресейлік «Синара» командалары күш сынасты.

Матч бастала салысымен ресейлік ұжым шабуылға лап қойды. «Астана-Тұлпар» ойыншыларын өз қақпаларының маңына тықсыра ойнап, бір-екі мәрте --- мазасын алды. 5 минут өтпей жатып командаласынан пас алған Герасимов бос қақпаны дәл көздеп, таблодағы есепті ашты. 9-шы минутта алаңнан оң бұрышынан шабуылға араласқан 7-ші нөмірлі ойыншы екі қорғаушының арасынан соққы жасап, командасының екінші голын соқты. Арада екі минут өтісімен «Синара» ойыншылары есепті 3:0-ге жеткізді. Бұрыштама добынан кейін Чистполов жойқын соққы жасап, қақпаның алыс бұрышын дәл көздеді. Матч аяқталуға 4 минут қалғанда «Синара» ойыншысы Павел Чистополов дубль авторы атанды. Алайда көзді ашып-жұмағанша Черномордов «Астана-Тұлпардың» алғашқы голын соқты. Бірер минут өтісімен ресейлік футзалшы Денис Аширов қорғаныстағы қателікті пайдаланып, қақпагы Ренаннан айласын асырып кетті.

Екінші таймның басталғанына бір минут өтпей жатып, ресейлік ұжым есепті 6:1-ге жеткізді. Әміржан Мұқанов ойын әдісін өзгертіп, алаңға қақпашының орнына бесінші ойыншыны шығарды. Алайда шабуылға сәтсіз шыққан «тұлпарлықтардың» қателігенен кейін Сергей Загузов бос қақпаны дәл көздеді. Араға екі минут салып Павел Таку есеп айырмасын қысқарта алды. «Астана-Тұлпардың» қақпашының орнына ойыншы шығарып өнер көрсетуі ешқандай да пайдасын тигізе қойған жоқ. Екінші таймның басым бөлігін шабуылда өткізгенмен, Әміржан Мұқановтың шәкірттері жағдайды оңалта алмады. 42-минутта Арнольд Кнауб қақпаға соққы бағыттап бағын сынап көрмек болған, алайда қақпашы қайтарған допты Александр Иванов қақпаға дәл бағыттай алды. Дегенмен де, «Астана-Тұлпар» ойыншылары жауап қайтара білді. Павел Таку қақпашымен жеке шығып, Викуловтан айласы асырып кетті. Матч аяқталуға екі минут қалғанда «Синара» ойыншысы Денис Аширов бұл матчтағы өзінің үшінші голын соғып, хет-трик авторы атанды.

Еременко Кубогы. 3-ші орын үшін матч

«Астана-Тұлпар» (Қазақстан) - «Синара» (Ресей) 3:10

Голдар: Герасимов – 0:1, Аширов – 0:2, Чистополов – 0:3, Чистополов – 0:4, Черномордов – 1:4, Аширов – 1:5, - 1:6, Загузов – 1:7, Таку – 2:7, Иванов – 2:8, Таку – 3:8, Аширов - 3:9, иванов - 3:10

«Астана-Тұлпар»: Ренан, Перемышлин - Мун, Пенгрин, Довгань, Кнауб, Витор Уго, Рожер, Гребонос, Кукумбаев, Таку, Черномордов, Довгань

«Синара»: Калмахелидзе, Викулов - Сорокин, Аширов, Фахрутдинов, Герасимов, Мохов, Иванов, Бастриков, Загузов, Чистополов

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или