Еременко Кубогы. «Никарс» - бесінші, «Норильский Никель» - соңғы орында

Алматыда өтіп жатқан Еременко Кубогының бесінші орыны үшін болған кездесуде латвиялық «Никарс» жарысқа алғаш рет қатысып отырған «Норильский Никель» командасынан 5:3 есебімен басым түсті.

Өз топтарында соңғы орын алған қос ұжым жарыстағы соңғы матчтарын өткізді. Ойынның 22-ші минутында Алексей Филипповтың соққысынан кейін доп ригалық команданың қақпасынан табылды. Алайда ресейлік ұжымның қуанышы ұзаққа бара қоймады. Қорғаушылардың қателігін пайдаланған Янис Пастарс таразы басын теңестіріп кетті. Екінші тайм бастала салысымен шабуылда ойнаған «Норильский Никель» ойыншылары діттеген мақсаттарына жетті. Үш футзалшы қақпашымен шыққан сәтте Сергей Куманькин әріптестеріне пас шығармай, соққысымнен қақпаны дәл тапты. Матч аяқталуға он минут қалғанда Фумасса әріптесінің алыстан берген пасын сәтті пайдалана білді. Константин Маевскийдің шәкірттері шабуылдарын үдете түсті. Кирилл Погореловтың қақпа маңына асырған добын ебедейсіз тоқтатқан Оскар Икстенс абайсызда өз қақпасына гол соғып алды. Жеңісті енді ресейлік ұжым қолдан бермейді деген тұста, латвиялық клубтың ойыншылары таразы басын қайта теңестіре алды. Кездесу аяқталуға 40 секунд қалғанда Фумасса айып алаңында пас алып, бірден қақпаға соққы бағыттады. Осылайша, матч 3:3 есебімен аяқталып, бес минуттан тұратын қосымша екі тайм қосылды.

Алғашқы қосымша таймның аяқталар тұсында латвиялық «Никарс» командасы бірден қос гол соғады. Алдымен Фумасса үшінші мәрте көзге түссе, артынан қақпашы Момчилович матчтағы соңғы голды соқты.

Еременко Кубогы. 5-ші орын үшін матч

«Никарс» (Латвия) - «Норильский Никель» (Ресей) - 5:3 (3:3)

Голдар: Филиппов - 0:1, Пастарс - 1:1, Куманькин - 1:2, Фумасса - 2:2, Икстенс - 2:3 (автогол), Фумасса - 3:3, Фумасса - 4:3, Момчилович 5:3

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или