Велоспортшы Артем Захаров олимпиадалық лицензия үшін күресте жеңіске бір табан жақын

Лондонда тректе велосипед спорты бойынша әлем чемпионаты өтіп жатыр. Оған Қазақстан құрамасы да қатысуда.

ҚазАқпараттың мәлімдеуінше, ел намысын Роберт Гайнеев, Никита Панасенко және омниум (көпсайыс) бойынша олимпиадалық лицензияға үмітті Артем Захаров қорғайды.

Жарыстың бірінші күнінде Роберт Гайнеев скретч сынында он сегізінші орында келді. Топтық жарыста күш сынасқан Никита Панасенко ұпай бойынша үздік ондықтың қатарына енді.

Артем Захаров омниум тректік сынында Олимпиадаға жолдама алуы мүмкін.

15 шақырымдық скретч жарысында Артем Захаров екінші болып жетті. Жеке сында ол жетінші орынға ие болды. Атап өтейік, отандасымыз бұл жарыста - азияның рекордсмені. Осылайша, үш сында қазақстандық жалпы есепте бесінші орында тұр.

Әлем біріншілігінің соңғы жарыс күнінде 2016 жылғы Олимпиадаға жолдама алуға мүмкіндік беретін ұпайлардың басым бөлігі ойнатылады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или