Евгений Давлетшин: «4:2 кезінде көп мүмкіндігімізді пайдалана алмадық»

Евгений Давлетшин: «4:2 кезінде көп мүмкіндігімізді пайдалана алмадық»

Еременко кубогының жартылай финалындағы «Қайрат» - «Синара» матчынан кейін ресейлік клубтың бас бапкері Евгений  Давлетшин ойын туралы пікірімен бөлісті.

– Қарсыласты лайықты жеңісімен, осы турнирдің финалына шығуымен құттықтағым келеді. Финалда жақсы ойын мен кубокты ұтып алуын тілеймін. Ал ойынға келер болсақ, біз бүгін үлкен тәжірибе жинадық. Біздің командада мансабын енді бастап жатқан жас ойыншылар көп. Олар үшін «Қайраттағы» өте шебер, әлемдік деңгейдегі ойыншылармен кездесу үлкен тәжірибе. Иә, бізге қиын болды, оның үстіне, ішкі мәселелеріміз де қосылды. Құрамымыз да жарақат алған ойыншылар бар. Оған қарамастан, қарсыласқа күш көрсетуге тырысқанбыз. Дегенмен олардың есеп ашуына тез жол беріп қойдық. Екінші таймда 4:2 кезінде көп мүмкіндіктерімізді пайдалана алмадық. Нәтижесінде бесінші гол жіберіп алдық, сол кезде ойын тағдыры шешілді деуге болады. Ал біз лайықты өнер көрсеттік деп айта аламын, - деді Давлетшин.

Естеріңізге сала кетсек, «Қайрат» жартылай финалда «Синараны» 7:3 есебімен қапы қалдырып, финалға жолдама алды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или