«Қайрат» «Синараны» жеңіп, Еременко кубогының финалына шықты

«Қайрат» «Синараны» жеңіп, Еременко кубогының финалына шықты

Еременко кубогының жартылай финалындағы екінші матчта алматылық «Қайрат» турнирдің қазіргі жеңімпазы «Синараны» ұтып, финалға жолдама алды.

Матч алматылықтар үшін табысты басталды. 3-минутта Игор оң қанаттан айып алаңына ене бере соққы жасады – 1:0. Бұл голдан кейін алматылықтар шабуылын үдетіп, Зураб Калмахелидзе қақпасын торуылдаумен болды. 8-минутта Игор «Синара» қорғаушысынан допты тартып алып, қараусыз қалған Серік Жаманқұловқа пас қалдырды. Серікке бос қақпаны дәл көздеу қиындық тудырмады – 2:0. Араға бір минут салып Лео өз қақпасының маңында қате жіберді. Леодан допты тартып алған Павел Чистополов Игита қорғаған қақпадан саңлау тапты. Бұл голдан кейін «Қайрат» 5х4 жүйесімен шабуыл жасауды бастады, бұл бірден жемісін алып келді. Орта алаңдағы Игита Диванейге пас қалдырған, соңғысы допты қақпа маңына қарай асырды – Игор мүлт кетпеді. Какау шәкірттері допқа көбірек иелік етіп, ойынды бақылауда ұстады. Ал ресейліктер көбіне қарсыласты қарымта шабуылдан ұстауға тырысты. Таймның аяғына таман Еременко кубогының қазіргі иегерлері алдыңғы шепте белсенді ойнай бастады. Бірақ Евгений Давлетшин шәкірттерінің шабуылдарына алматылықтар тоқтау қоя білді.

Алматылықтар екінші таймды да нәтижелі бастады. Дәурен Нұрғожин сол қанатта қорғаушыны алдап өтіп, Игорға пас қалдырды. Игор хет-трик жасайтын мүмкіндігін мүлт жібермеді – 4:1. 32-минутта «Синара» ойыншылары бұрыштамадоп орындауға мүмкіндік алып, Сергей Загузов жойқын соққымен есеп айырмасын қысқартып тастады. Бұл голдан кейін ресейліктердің ойынында қан жүгіргендей болды. 33-минутта Денис Аширов қарымта шабуыл кезінде бос қақпаны дәл нысаналай алмады.  36-минутта Игор покердің авторы атанды. Жаманқұлов оң қанатта қос қорғаушының тасасынан сытылып шығып, соққы жасаған – қақпашы орнынан табылды. Кері серпілген допқа бірінші жеткен Игор матчтағы төртінші голын салды. Араға бірнеше минут салып, сол қанатта жалғыз қалған Эвертон «Қайраттың» кездесудегі алтыншы добын соқты. Бұл есеп те тоблода ұзақ сақталмады. Дінмұхамед Сүлейменовтың тамаша пасынан кейін Михаил Першин қанжығасын майлады – 7:2. Артынша ресейліктердің бапкері Давлетшин тәуекелге барып, алаңға қақпашының орнына бесінші ойыншысын жиі шығарып тұрды. Бұл 45-минутта нәтижесін көрсетті. Бес ойыншымен шабуылдаған «Синара» Никита Фахрутдиновтың көмегімен есеп айырмасын қысқартты. Бірақ бұдан әріге ресейліктердің шамасы жетпеді. Қорытынлы есеп – 7:3.

Осылайша, «Қайрат» үшінші рет өтіп жатқан Ерменко кубогында екінші рет финалға шығып отыр. Алматылықтар ақтық сында ресейлік «Тюменьмен» күш сынасады. Ал «Синара» «Астана-Тұлпармен» турнирдің қола жүлдесіне таласады.

Еременко кубогы

½ финал

«Қайрат» (Қазақстан) – «Синара» (Ресей) 7:3 (3:1)

Голдар: 1:0 – Игор 3, 2:0 – Жаманқұлов 8, 2:1 – Чистополов 9, 3:1 – Игор 9, 4:1 – Игор 26, 4:2 – Загузов 32, 5:2 – Игор 36, 6:2 – Эвертон 39, 7:2 – Першин 40, 7:3 – Фахрутдинов 45

«Қайрат»: Игита, Эвертон, Жаманқұлов, Игор, Сүлейменов, Лео, Першин, Дрот, Диваней, Нұрғожин, Гуров, Ронкальо

«Синара»: Калмахелидзе, Сорокин, Аширов, Фахрутдинов, Герасимов, Викулов, Мохов, Иванов, Бастриков, Чистополов, Загузов

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или