Қайрат Оразбеков: «Футзалдың Олимпиадалық спорт түрлерінің қатарына енгізілуі - біздің басты мақсатымыз болмақ»

Қайрат Оразбеков: «Футзалдың Олимпиадалық спорт түрлерінің қатарына енгізілуі - біздің басты мақсатымыз болмақ»

Еременко Кубогының бесінші күні жартылай финалдық кездесу алдында Ресей шағын футбол федерациясының құрметті Президенті Семен Андреев, Қазақстан футзал ассоциациясының Президенті Лев Ким, Ресей шағын футбол федерациясының Президенті Эмиль Алиев, «Қайрат» футзал клубының Президенті Қайрат Оразбековтің қатысуымен баспасөз-мәслихаты өтті.

Алғаш болып сөзді Ресей шағын футбол федерациясының құрметті Президенті Семен Андреев алды:

- Ерменко Кубогы осымен екінші мәрте Алматы қаласында өткізілуде. Өйткені, бұл жерде барлық жарыстар жоғары деңгейде ұйымдастырылады. Турнирді өткізуді қолына алған Қазақстан футзал федерациясы мен «Қайрат» клубының басшылығына ризалығымды айтқым келеді. Бүгінгі Жоғарғы кеңестің жиналысы өтті. Басқосуда аталмыш жарыстың болашағы жайлы сөз болды. Қазіргі форматты қалдыру немесе командалар санын арттыру туралы пікір алмастық. Бірақ мұның бәрі болашақтың еншісінде. Әйткенменде, қандай форматта болмасын Еременко Кубогы алдағы уақытта өткізілетін болады. Өйткен, бұл турнир біздің спорт түрін дамытуда, танымалдылығын арттыруда үлкен маңызы бар.

Жарысқа «Қайрат» клубының шақыртуымен футзалға жауап беретін УЕФА өкілі келді. Еременко Кубогы кіші-футболды дамытуда маңызды рөл атқаратыны белгілі. Сонымен қатар, бұл жарысқа қатысуға ниет білдірушілер өте көп.

Бүгін таңертең Ресей спорт министрлігінен хабарласты. Еременко Кубогын бүкіл Ресей халқы көріп отыр. Матчтардың трансляциялары Матч-Тв арнасында жүруде.

Ресей шағын футбол федерациясының Президенті Эмиль Алиев:

- Алдымен Қазақстан футзал ассоциясының президенті Лев Кимді Ұлттық құрамаларыңыздың Еуропа чемпионатындағы қола жүлдесімен құттықтағым келеді. Қонақ үйге келген кезден бастап, Қазақстан Ұлттық құрамасының ойынын, тіршілігін тұрақты қарап отыратын жанкүйерлері бар екендігін байқадым. Көпшілік адамдар бразилиялық ойыншыларға азаматтық беріп, Ұлттық құрамаға ойнатуды дұрыс емес дейді. Алайда біз бұл бағытты қолдаймыз. Бірнеше жылдар бұрын Ресей футзалы енді-енді аяғынан тұрып келе жатқанда біз де осы жолдан өткен едік. Соның арқасында талай биік нәтижелерге жеттік деп те айта аламын.

Әлемдегі қаржылық дағдарысқа қарамастан Еременко Кубогы өткізілуде. Үшінші мәрте ұйымдастырылған бұл жарыс қонақжай Алматы қаласында өтіп жатқанына қуаныштымын. Турнирде үш ресейлік, екі қазақстандық және латвиялық клубтар өнер көрсетуде. «Норильский Никель» командасы тұңғыш рет бақ сынауда. Біздің қос клуб жартылай финалға шыққанына қуаныштымын.

Аталмыш жарыстың болашағы зор. Сол себепті, біз қанатымызды кеңінен жаймақпыз. Алдағы уақытта турнирде бақ сынау үшін Азиялық командаларды шақырамыз. Таиланд, Біріккен Араб Әмірліктері, Катар және Египет елдерінің клубтары қатысуы мүмкін. Ресейді Еременко Кубогын үлкен екі телеарнада және  екі спорттық порталдарда көрсетуде. Сол себепті жарыстың ауқымы кең.

Төрт ұлттың Кубогы деп аталатын жарысты өткізуді қолға алдық. Қазірдің өзінде, Испания мен Португалия елдері аталмыш додаға қатысуға келісімін беріп отыр. Тек Италия елі жарыстың форматы қабылданбағандықтан жауап беруді кейінге қалдырды. Бірақ біз салымызды суға келтірмейміз. Біздің Қазақстан деген үлкен досымыз бар. Ендігі, Азия елдеріне хаттама жібердік. Қазақстан, Иран жарысқа қатысуға келісімін берсе, Жапония ойлану үстінде. Егер де бәрі келісіп, жарыс өтетін болса, онда 2017 жылдан бастап ұйымдастыруды бастаймыз. Алайда, бір мәселе кедергі болып тұр. Өздеріңіз білетіндей, келер жылы Ресейді «Достастық Кубогы» өтеді. Үлкен футболда бұл жарыс өзінің тартымдылығын жоғалтып алды. Ресей кіші-футбол федерациясының құрметті Президенті Семен Андреев Ресей футбол қауымдастығына «Достастық Кубогын» футзалға беру туралы ұсыныс жіберді. Ол жерде 16 команда - 8 Ұлттық құрама және 8 жастар құрамасы бақ сынайтын болады. Бұл дегеніміз жастар футзалына үлкен серпіліс береді. Өйткені, ертеңгі Ұлттық құраманың ойыншылары қазіргі таңдағы жастар құрамасының футзалшылары. Егер де «Достастық Кубогы» кіші-футболға берілетін болса, онда «Төрт ұлттың Кубогы» жарысының керегі болмай қалады. Одан бөлек, бұл жарысқа күнтізбеде мүлдем орын қалмай қалады. Айта кеткім келеді, «Достастық Кубогында» Қазақстан үшін әрқашанда 8 команданың ішінде орын болады.

Қазақстан футзал Ассоциациясының Президенті Лев Ким:

- Ресейдің футзал әлеміндегі беделі өте жоғары. Ұлттық құрамасы Еуропа чемпионатының финалына үш мәрте шықты. Алайда, ақтық сында бірқатар себептерге байланысты алтын медальді жеңе алмады. Біздің құрамамыз Еуропа біріншілігінің алғашқы ойынында Ресей құрамасымен күш сынасты. Негізі, Ресей мен Қазақстан құрамалары арасындағы кездесулердің өте үлкен тарихы бар. Кәріқұрлықтағы Ұлттық құрамамыздың жетістігі тек қана сәттілік немесе кездесейсоқ жағдай емес. Бұл үлкен еңбектің жемісі.

Ресей футзал федерациясына финалдық кезеңді біздің елде өткізуге сенім білдіргендеріне үлкен алғыс білдіргім келеді. Бұған «Қайрат» клубының УЕФА Кубогын екі мәрте иеленгені және Қазақстан құрамасының Еуропа біріншілігінде сәтті өнер көрсеткендігі себепкер болды.

Ақпараттық құралдар жақсы қызығушылық танытуда. Ғаламтор бетінде бұл жарыс туралы 4 миллионға жуық  сұралымдар жасалған. Өздеріңіз көріп жүргендей, матчтарға көрермендер көптеп келуде. Ендігі жартылайфиналдық және ақтық кезеңдерде жанкүйерлер лық толады деген үміттемін.

- Ресейлік әріптестерімізбен әр уақытта тығыз байланыстамыз. Бірге атқаратын бірқатар жобаларымыз бар. Ресейлік тәжірибені пайдаланудамыз. Мүмкін боларлық барлық форумдар мен іс-шараларды өткізуге тырысып жатырмыз. Сонымен қатар, қос қауымдастықтың атқарған жұмыстарының нәтижежелерін біліп отыратындай еуразиялық сайт ашқалы отырмыз.

«Қайрат» футзал клубының Президенті Қайрат Оразбеков:

- Жарысты өткізуге сенім білдірген Ресей мини-футбол федерациясына үлкен алғысымды білдіргім келеді. Еременко Кубогының ұйымдастырылп жүргеніне де біраз уақыт болып қалды. Ендігі, біз халықаралық деңгейге шығамыз. Аталмыш турнирге қатысуға көптеген Азиялық командалар ниет білдіруде. Турнирде бақ сынап жатқан командалар Еуропа чемпионатының қос жүлдегерлерінің өкілдері болып келеді. Ресей күміс жүлдегер болса, Қазақстан қола медальдің иесі. Бұл жарыстың жоғары деңгейлі екендігінің белгісі. Тағы бір айтарым, бұл тек жарыс қана емес. Сонымен қатар, бас қосатын, жиналыс өткізіп, пікір алмасатын алаң. Жарыстың форматын өзгертіп, жасөспірімдер мен жастар қатысатындай етіп жасамақпыз.

Біздің басты мақсатымыз, футзалдың Олимпиадалық спорт түрлерінің қатарына енгізілуі. УЕФА тарапынан да, Қазақстан ассоциациясы да, Ресей футзал федерациясы да бұл бағытта үлкен жұмыстар атқаруда.

- Қайрат Айтмолдаұлы, қыркүйек айында сізге Ресей футзал Ассоциациясының атынан «Ісін адал атқарғаны» үшін медаль берілді. Бұл сіз үшін қаншалықты маңызды?

- Бұл жоғары дәрежедегі жүлде тек маған ғана емес, бүкіл командаға берілді деп есептеймін. Мұндай жүлде футзалда тек жоғары нәтижеге жетуге итермелейтін болады. Менің алғашқы жүлдем болғандықтан өте қуаныштымын. Ресейлік медаль алу мен үшін үлкен құрмет. Футзалға деген махаббатым мәңгілік деп айта аламын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или