«Астана-Тұлпар» Еременко кубогының жартылай финалында сүрінді

«Астана-Тұлпар» Еременко кубогының жартылай финалында сүрінді

«Астана-Тұлпар» футзал клубы Еременко кубогының жартылай финалында ресейлік «Тюменьді» қабылдады.

Бірінші жартылай финал «Тюмень»-нің бірнеше қауіпті шабуылдарымен басталды. Осылайша, матчтың 7-ші минутында «Тюмень» ойыншысы Лобков жойқын соққымен таблода есеп ашты. Араға төрт минут салып, елордалық клубтың бразилиялық шабуылшысы Болинья әріптесінің әдемі пасынан таразы басын теңестірді. Бірақ өкінішке қарай екі минуттан кейін Болинья «Тюмень» ойыншысына қарсы ереже бұзып, алаңнан қуылды. Бұл басымдықты ресейлік команда бірден пайдаланды – Лобков дубльдің авторы атанды. Кейін, «Тюменьнің» капитаны Антошкин есепті 3:1-ге жеткізді. Бірінші таймның соңына дейін ресейлік команда екі «он метрлік» соққыны сәтсіз орындады. Біріншісінде Ренан командасын құтқарса, екінші соққы қақпа бағанасына тиді.

Үзілістен кейін Әміржан Мұқановтың командасы есеп айырмасын қысқартуға ұмтылды. Бірақ елордалық ойыншылардың шабуылдарына дәлдік жетіспеді. Артынша, елордалық клуб Илья Мунның көмегімен екінші голын соқты – 3:2. Ойын қыза түсті. Бір минуттан кейін Кукумбаев есепті теңестірді – 3:3! Матчтың аяқталуына он минут қалғанда Батырев «Тюменьді» есепте қайта алға шығарды. Кейін, Антошкин дубль жасап, нәтижені қорытындылады – 5:3. Жалпы, бүгінгі ойын төрешілердің қателігімен есте қалды, енді «Астана-Тұлпар» ертең үшінші орын үшін кездесу өткізеді. Ал, «Тюмень» болса «Қайрат»-«Синара» жұбының жеңімпазымен Еременко кубогын сарапқа салады.

Еременко кубогы – 2016. 1/2 финал

«Астана-Тұлпар»-«Тюмень» - 3:5 (1:3)

Голдар: Болинья 11, Мун 35, Кукумбаев 36 – Лобков 7, 14, Антошкин 18, 46, Батырев 40

«Астана-Тұлпар»: Ренан, Перемышлин (к), Мун, Гребонос, Рожер, Пенгрин, Болинья, Кукумбаев, Таку, Черномордев, Да Силва.

«Тюмень»: Логинов, Аксентиевич, Милованов, Упалев, Абышев, Батырев, Абрамович, Антошкин (к), Соколов, Лобков, Исламов, Асланян, Курбатов, Неведров.

Бас төреші: Михеев С. (Ресей)

Алаңнан қуылған: Болинья 13

«Балуан Шолақ» СК. 5 наурыз. 2016 жыл.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или