«Тюмень» Еременко кубогының жартылай финалына шықты

«Тюмень» Еременко кубогының жартылай финалына шықты

Футзалдан Еременко кубогының топтық кезеңіндегі соңғы матчта ресейлік командалар «Тюмень» мен «Норильский никель» күш сынасты.

Бұл В тобындағы үшінші кездесу болатын. Алғашқы екеуінде алматылық «Қайрат» ресейлік қос клубты да жеңіп, бірінші орынды алып қойған. Ал енді «Тюмень» мен «Норильский никель» екінші орынға таласты.

Алғашқы минуттарда айқын фаворит болған жоқ. Командалар алма кезек шабуыл жасап, екі қақпаның да төңірегінде қауіпті соққылар жасалып тұрды. Бірақ қос команданың да ойыншылары белсенділік таныта қойған жоқ. Нәтижесінде жанкүйерлер алғашқы голды 16-минутта көрді. «Тюмень» ойыншысы Батырев оң қапталдан еніп, допты қақпашының бойынан асыра салды – 1:0. Араға бір минут салып, «Норильский никель» ойыншыларының қорғаныстағы қателігін ұтымды пайдаланған Батырев допты өкшесімен бос қақпаға бағыттап, дубль авторы атанды.

Үзілістен кейін «Норильский никель» шабуылда белсендірек ойнады, ал Евгений Осинцев шәкірттері қарымта шабуылдан бақ іздеді. 33-минутта қарымта шабуылдардың бірі «Тюмень» үшін табысты аяқталды. Батырев бос қақпаны дәл көздеді – 3:0. Екі минуттан соң Денис Неведровтың соққысынан кейін доп Василий Белов қақпасының «тоғыздығында» тулады. 42-минутта түмендіктер бесінші голын салды. Сергей Абрамович жойқын соққымен Белов қақпасының саңлауын тапты.

Осылайша, «Тюмень» В тобында екінші орын алып, жартылай финалға өтті. Түмендіктер енді «Астана-Тұлпармен» кездеседі.

Еременко кубогы

В тобы

«Тюмень» (Ресей) - «Норильский никель» (Ресей) 5:0 (2:0)

Голдар: 1:0 – Батырев 16, 2:0 – Батырев 17, 3:0 – Батырев 33, 4:0 – Неведров 35, 5:0 – Абрамович 42

«Тюмень»: Аксентиевич, Неведров, Милованов, Батырев, Абрамович, Логинов, Антошкин (к), Соколов, Лобков, Исламов,  Асланян, Абышев, Курбатов

«Норильский никель»: Белов (к), Попов, Гордеев, Давыдов, Анисимов, Цай, Аносов, Пономарев, Шамсутдинов, Куманькин, Попов, Волков, Филиппов, Федоров

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или