«Қайрат» жартылай финалда «Синарамен» кездеседі

Балуан Шолақ атындағы спорт кешенінде өтіп жатқан Еременко кубогының А тобындағы соңғы кездесуінде «Синара» мен «Никарс» жартылай финалға берілер жолдамаға таласты.

Бұл топта «Астана-Тұлпар» аталмыш қос клубты да қапы қалдырып, бірінші орынмен жартылай финалға өткен. Енді «Синара» мен «Никарс» өзара екінші орын иегерін анықтап, қай жеңгені жартылай финалда «Қайратпен» күш сынасуы керек болатын. Ресейлік және латвиялық командалар кездескендіктен бе, трибунада жанкүйерлердің саны санаулы ғана болды.

Бірінші минуттан Еременко кубогының қазіргі иегерлері шабуылға ұмтылды. Дегенмен, ресейліктердің қарқынына «Никарс» ойыншылары тоқтау қойып тұрды. Алғашқы бес минуттықта командалар қақпаға көп соққы жасай қойған жоқ. Алайда 5-минутта Павел Чистополов әріптесінен тамаша пас алып, Антон Астраханцев қақпасынан саңлау тапты. Араға екі минут салып, «Синара» есептегі басымдығын ұзартты. Никита Фахрутдинов қанжығасын майлады – 2:0. Қос минутта екі гол жіберіп алған латвиялықтар есеңгіреп қалды. 10-минутта Оскар Икстенстің пасынан кейінг Максим Сень есеп айырмасын қысқартты. Ал араға үш минут салып Фахрутдинов дубль авторы атанды – 3:1. 20-минутта Евгений Давлетшин шәкірттері төртінші голдарын салды. Команда капитаны Алексей Мохов «Никарс» қақпасының алыс «тоғыздығын» дәл көздеді.

Үзіліске дейін айқын басымдыққа ие болған «Синара» ойыншылары екінші таймда қорғаныста сақ ойнап, қарсыласты қарымта шабуылды ұстап алуға тырысты. Нәтижесінде 27-минутта Фахрутдиновтың пасын Максим Герасимов голға айналдыра алды – 5:1. Осы голдан кейін ойын тағдырын шешіп тастадық деді ме, ресейліктер шабуылға белсенді ұмтылған жоқ. «Никарс» ойыншыларының шабуылдағы қарқынына қақпашы Момчилович пен қорғаушылар тосқауыл қоя білді. Сондықтан жанкүйерлер ұзақ уақыт бойы гол көре алмады. Тек кездесудің аяқталуына 1 минут қалғанда Вассура латвиялықтардың екінші голын соқты. Бұған жауап ретінде Максим Герасимов «Синараның» матчтағы алтыншы, өзінің екінші добын салды.

Осылайша, екатеринборлық «Синара» А тобында екінші орын алып, жартылай финалға шықты. Ресейліктер финалға берілер жолдаманы алматылық «Қайратпен» сарапқа салатын болады.

Еременко кубогы

А тобы

«Синара» (Ресей) – «Никарс» (Латвия) 6:2 (4:1)

Голдар: 1:0 – Чистополов 5, 2:0 – Фахрутдинов 7, 2:1 – Сень 10, 3:1 – Фахрутдинов 13, 4:1 – Мохов 20, 5:1 – Герасимов 27, 5:2 – Вассура 49, 6:2 – Герасимов 50

«Синара»: Калмахелидзе (қ), Сорокин, Аширов, Фахрутдинов, Герасимов, Викулов (қ), Мохов (к), Иванов, Бастриков, Чистополов, Загузов

«Никарс»: Момчилович (қ), Астраханцев (қ), Пастарс, Алексеев (к), Сень, Фумаса, Диаквнишвили, Аванесов, Колесников, Бабрис, Забаровский, Архипов-Прокофьев, Вассура, Икстенс

Ескерту: Иванов 26 – Диаквнишвили 29

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или