Дәурен Нұрғожин: «Жігердің арқасында жеңісті жұлып алдық»

Алматылық «Қайрат» футзал клубының ойыншысы Дәурен Нұрғожин Ерменко Кубогының топтық кезеңі аясында өткен «Норильский Никельге» қарсы матч туралы пікірімен бөлісті.

- Күткеніміздей, матч өте қиын болды. Барлық ресейлік командалар мықты чемпионатта өнер көрсетеді. Олар жоғары жылдамдыққа, 25 минуттан ойнауға әдеттеніп алған. Бізде көп ойыншылар жарақаттанып қалды, кейбіреуі тізімге ілінбесе, енді біреулері жарақаттарына қарамастан алаңға шықты. Жігердің арқасында жеңісті жұлып алдық.

- Жаңадан келген футзалшылармен түсіністік қалай?

- Жаңа ойыншылар өте көп. Олар жақсы жұмыс істеуде, тактикалық тұрғыдан үйлесімді. Бәрі жақсы.

- Командаңызды бүгінгі көрсеткен өнеріне көңіліңіз толады ма?

- Негізі, жарақаттанғандардың көп болғанын есептесек, жақсы өнер көрсеттік деп ойлаймын. Ендігі демалып, алаңға тек қана жеңіске жету үшін шығу керекпіз. Әр матчта өз қателіктерімізді қарап, солармен жұмыс істейміз.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или