Еременко Кубогы. «Қайрат» қатарынан екінші жеңісіне жетті

Еременко Кубогы. «Қайрат» қатарынан екінші жеңісіне жетті

Алматыдағы «Балуан Шолақ» спорт кешенінде өтіп жатқан Еременко Кубогының екінші жарыс күнінде топтық кезеңі аясында «Қайрат» пен «Норильский Никель» командалары жолықты. Тартысты өткен матчта Какау шәкірттері 5:3 есебімен басым түсті.

«Норильский Никель» клубы үшін бүгінгі матч алғашқысы болса, «Қайрат» екінші ойын өткізуде. Алғашқы кездесуде Какау бапкердің командасы «Қайрат» ресейлік «Тюмень» клубын 9:5 есебімен жеңген болатын.

Какау шәкірттері алғашқы таймда әдеттегі құрамнан басқаша шықты. Қақпаны Ронкальо қорғаса, алаңда Игор, Жаманқұлов, Лео, Диваней өнер көрсетті. Матчтың 8 минутында, күтпеген жерден қонақтар есепті ашып кетті. Қақпа маңында жүрген Роман Аносов әріптесінен пас алғаннан кейін бос қақпаны тура көздеді. «Қайрат» ойыншылары таразы басын теңестіруге асықты. Шабуылға қосылған қақпашымыз Ронкальоның айып алаңының сыртынан жасаған жойқын соққысы голға айналды. Арада бірер өткенде Дәурен Нұрғожин оң қапталда пас алып, Попов қорғаған қақпадан саңылау тапты. «Қайрат» есептегі басымдық ұзақ ұстап тұра алған жоқ. Алғашқы таймның аяқталар тұсында «Қайрат» ойыншылары қақпа жанында ереже бұзды. Айып добын орындаған Давыдовтың соққысы бағанаға тиіп барып, қақпа торын бүлк еткізді. Осылайша, ресейлік бірінші таймда қос команда тең тарқасты.

Екінші кезең қонақтардың қарқынды шабуылымен басталды. Алғашқы қауіпті сәтте-ақ «Норильский Никель» ойыншылары гол соғып, командасын алға шығарды. Бұрыштама добынан кейінгі қақпа маңындағы қарбаласты Дмитрий Волков сәтті пайдаланып кетті. Матчтың мұндай «сценариймен» өрбитінін жанкүйерлер де, бапкерлер де күткен жоқ. «Қайрат» футзалшылары да біраз абдырап қалғандай. Қанша шабуыл ұйымдастырса да, бір нәтиже бермеді. Какау алаңға Игитаны шығарып, әдеттегі 5х4 үлгісі бойынша ойнауды бастады. Шабуылға араласып, жойқын соққы жасағанды жақсы көретін қақпашыны «Балуан Шолаққа» жиналған көрермен қошеметпен қарсы алды. Кезекті шабуылдың бірінде Игитаның жасаған соққысы «рикошет» арқылы Поповтың қақпасына кірді.Тек жеңісті ғана көздейтін Какау бапкердің шәкірттері шабуылдарын үдете түсті. Екінші таймның 21-ші минутында Диваней «Қайратты» есепте алға шығарды. Ал ойын аяқталуға бір минут қалғанда Игитадан тамаша пас алған Эвертон бүгінгі матчтың жеңісті голын соқты.

«Норильский никель» - «Қайрат» 3:5 (2:2)

«Норильский никель»: Белов, Попов Алексей – Гордеев, Давыдов, Анисимов, Погорелов, Аносов, Пономарев, Шамсутдинов, Куманькин, Попов Сергей, Волков, Федоров, Филиппов.

«Қайрат»: Игита, Гуров, Ронкальо - Игор, Жаманқұлов, Сүлейменов, Першин, Дрот, Лео, Диваней, Нұрғожин, Барон, Эвертон

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или