Әміржан Мұқанов: «Жартылай финалда мүлдем басқаша ойын болады»

Әміржан Мұқанов: «Жартылай финалда мүлдем басқаша ойын болады»

Еременко Кубогының топтық кезеңі аясында өткен латвиялық «Никарс» пен «Астана-Тұлпар» командалары арасындағы матчтан кейінгі баспасөз-мәслихатында Әміржан Мұқанов пікірін білдірді.

- Бұл жарыста біз ескі таныстарымызды кездестірдік. Бүгінгі матчқа дайындалу өте қиын болды. Өйткені, қарсыласымыз жайлы ақпараттар өте аз еді. Соған қарамастан, жақсы өнер көрсеттік. Өз басым, Латвия чемпионатын жақсы білемін. Қарсыласымыз өте қарымды. Стандарттық жағдайларда қауіпті болды. Біздің кешегі ойынымызды қарап, дайындалғандары көрініп тұр. Ойыншыларыма алғысымды айтқым келеді.

Жартылай финалда ресейлік командалардың бірімен кездесуіміз мүмкін. Қайта қалпымызға келуге уақыт жеткіліксіз. Ертең ойынымыз басқаша болады. Арнольдтың қызыл қағаз алып қалғаны, өкінішті.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или