«Астана-Тұлпар» - Еременко кубогының жартылай финалында!

«Астана-Тұлпар» - Еременко кубогының жартылай финалында!

Футзалдан Еременко кубогының жеңімпазы «Синараны» жеңген елордалық «Астана-Тұлпар» топтық кезеңнің соңғы матчында латвиялық «Никарспен» күш сынасты.

Ригалық команда үшін бұл Еременко кубогындағы бірінші кездесу болды. Ал «Тұлпар» болса кешегі тартысты ойында «Синарадан» басым түсіп, үш ұпаймен «А» тобында көш бастаған болатын. Әміржан Мұқановтың командасы бүгінгі матчта да жеңісті көздеді. Ойынның небәрі екінші минутында Илья Мун таблода есеп ашты. Бірден латвиялық ұжым есепті теңестіруге ұмтылған, бірақ кешегі ойынның қаһарманы Ренан бірнеше әдемі «сэйв» жасап, бірінші таймда өз қақпасын «құрғақ» ұстады. Осылайша, алғашқы кезеңнің соңына дейін есеп өзгермеді.

Үзілістен кейін «Тұлпар» ойыншылары екінші голды соғуға ұмтылды. «Синараның» қақпасына екі гол соққан Болиньяда есепті еселейтін жақсы мүмкіндік болды, бірақ доп қақпа бағанасына тиді. Матчтың 31-ші минутында Рожер жойқын соққымен есепті еселеді. Араға екі минут салып Кукумбаев әдемі комбинациядан кейін «Тұлпардың» үшінші голын соқты. Тағы екі минуттан кейін Николай Пенгрин есепті ірі қылды – 4:0. Алаңға бес ойыншыны шықарған латвиялық ұжым тағы да опық жеді - гол соққан Болинья. Артынша, «Никарс» ойыншылары екі рет алты метрлік соққы орындады - екеуінде де Вассура мүлт етпеді. Елордалық клуб сабында Арнольд Кнауб қызыл қағаз алып, алаңнан қуылды. Матчтың соңғы минутында Пастарс тағы бір гол қайтарып, нәтижені қорытындылады - 5:3.

Енді «Астана-Тұлпар» жартылай финалда «В» тобының екінші командасымен кездеседі.

Еременко кубогы – 2016. Топтық кезең. «А» тобы

«Астана-Тұлпар»-«Никарс» - 5:3 (1:0)

Голдар: Мун 2, Рожер 31, Кукумбаев 33, Пенгрин 35, Болинья 44 - Вассура 47 (пенальти), 48 (пенальти), Пастарс 50

«Астана-Тұлпар»: Ренан, Мун, Болинья, Довгань, Да Силва, Перемышлин (к), Гребонос, Кнауб, Пенгрин, Рожер, Кукумбаев, Таку.

«Никарс»: Момчилович, Пастарс, Алексеев (к), Сенс, Фумаса, Диаквнишвили, Аванесов, Колесников, Бабрис, Заворовский, Архипов-Прокофьев, Вассура, Икстенс, Астраханцев.

Алаңнан қуылған: Кнауб

Төреші: Кадыков В. (Ресей)

«Балуан Шолақ» СК. 3 наурыз. 2016 ж.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или