Финалға - бір қадам. «Қайрат» «Тюмень»-ді жеңді

Финалға - бір қадам. «Қайрат» «Тюмень»-ді жеңді

Константин Еременко атындағы Евразиялық турнир биыл Алматыда өтіп жатқандықтан, бәсеке салт бойынша қазақи биден басталды.

Бірінші ойында «Синараны» 5:3-пен ұтқан «Астана-Тұлпар» «кезек сендерде» деп «Қайратқа» жол сілтегендей. Алғашқы он минутта қос команда шабуыл алмасып қақпашылардың қырағылығын байқап көрді. Матчтың 7-ші минутында Данило Барон «Қайратты» есеп бойынша алға шығаруға тырысқан. Екі ойыншыны алдап өткен бразилиялық легионердің соққысы қақпа бұрышына тиді. Араға жеті минут салып Лео қақпа алдындағы қарбалас сәтте допты биік жіберді. Кездесудің оныншы минутында Дуглас қателік жіберіп допты жоғалтып алды. Найзағайдай жарқ еткен қарымта шабуылдың нәтижесінде қақпамызға гол кіре жаздады. Игита мен қорғаушылар сызықтан бес метрге  алыстағанда қарсыластар пас алмасып допты бос қақпаға бағыттады. Әупірімдеп жүріп, допқа жеткен команда капитаны Дінмұхамбет Сүйлейсенов қауіпті сейілтті. 18 минутта ереже бұзған «Тюмень» ойыншысы Упалев қызыл қағаз алды. 19-шы минут – 1:0!  Дуглас қақпа алдында әріптесінен пас алып бос бұрышты дәл көздеді.

Тура бір минуттан кейін ресейліктер есепті теңестірді. Игита өз иелігінде қарсыласын құлатып алды. Артынша шабуылды үдеткен алматылықтар қайтадан алға шыққан. Леоның әдемі пасынан Егор қақпа торын бүлк еткізді. Ерекше қайсарлық танытқан «Тюмень» тағы да таразы басын теңестірді.  Оған«Қайрат» та голмен жауап берген (Игор, 24). Бірінші таймның соңғы минутында  қорғаушымыз ереже бұзып қақпамызға пенальти белгіленді. Осылайша қос команда үзіліске тең тарқасты.

Екінші кезеңнің басталысымен «Қайрат» екі голға озды қарсыласын. Төрт минут өтпестен «Тюмень» бір гол қайтарды. Жерлестеріміз әлсін уақыт созып ойынды толық бақылауға алмақшы болғанда қарсыластар есепті теңестіріп кетті – 5:5. Бірер минуттардан кейін Игор жойқын соққысымен басымдықты қалпына келтірді. Ақырғы таймның он 18-ші минутында алматылықтар тамаша комбинация ұйымдастырып «Тюмень» қақпашысы Миодраг Аксентиевичты қара паркетке отырғызды - 7:5. Ресейліктердің сағы сынған сәт. Бас бапкер Евгений Осинцев қақпашының орнына бесінші ойыншыны шығарғаны үшін тағы опық жеді. Алыстан бос қақпаны нысанға алған – Лео. Игита қалыс қалсын ба  «голдар тойынан». Тура сол әдіспен «Қайрат» қақпашысы 9-шы голды соқты.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или