«Астана-Тұлпар» Еременко кубогын жеңіспен бастады

«Астана-Тұлпар» Еременко кубогын жеңіспен бастады

Футзалдан Еременко кубогының алғашқы кездесуінде елордалық «Астана-Тұлпар» жарыстың қазіргі чемпионы екатеринбургтік «Синарамен» кездесті.

«А» тобының бірінші ойынында Әміржан Мұқановтың командасы «Синарадан» былтырғы жеңіліс үшін есесін қайтарғысы келді. Тіпті алғашқы минуттан «Тұлпар» бірден ресейлік ұжымды қыспаққа алып, бірнеше қауіпті соққылар жасады. Белсенді ойынымен көзге түскен Павел Такуда бірнеше мүмкіндік болды. Ал жарыстың қазіргі чемпионы «Синара» болса, қарымта шабуылдарынан нәтиже шығара алмады. Такудан өзге, гол соғатын мүмкіндік Николай Пенгринде болды. Бірақ оның соққысына дәлдік жетіспеді. Артынша, матчтың 13-ші минутында «Синараның» ойыншысы Максим Герасимов таблода есеп ашты – 1:0. Араға үш минут салып, Александр Гребонос әріптесінің әдемі пасынан таразы басын теңестірді. Кейін, «Тұлпардың» бразилиялық легионері Болинья бірге-бір шығып, қақпашыдан айласын асырды – 2:1.

Екінші таймның басында ресейлік ұжым есепті теңестірді – Аширов елордалық ойыншылардың қателігін ұтымды пайдаланды. Бірден «Тұлпар» алға ұмтылып, нәтижесінде Болинья кездесудегі екінші голын соқты – 3:2. Көп ұзамай «Синара» Загузовтың көмегімен есепті қайта тең қылды – 3:3. Артынша, «Тұлпардың» жаңа бразилиялық қақпашысы Ренан командасын бірнеше қауіпті соққылардан құтқарып қалды. Есесіне, қарымта шабуылдардың бірінде «Тұлпардың» шабуылшысы Павел Таку командасын қайта есепте алға шығарды. Ойынның аяқталуына бір минут қалғанда Довгань нәтижені қорытындылады – 5:3.

Осылайша, «Астана-Тұлпар» «Синарадан» есесін қайтарып, енді ертең латвиялық «Никарспен» күш сынасады.

Еременко кубогы – 2016. Топтық кезең. «А» тобы

«Астана-Тұлпар»-«Синара» - 5:3 (2:1)

Голдар: Гребонос 18, Болинья 21, 28, Таку 46, Довгань 49 – Герасимов 15, Аширов 26, Загузов 30

«Астана-Тұлпар»: Ренан, Мун, Болинья, Довгань, Да Силва, Перемышлин, Гребонос, Кнауб, Пенгрин, Бенитес, Кукумбаев, Таку.

«Синара»: Викулов, Аширов, Фахрутдинов, Шевчук, Герасимов, Бастриков, Иванов, Сорокин, Чистополов, Мохов, Калмахелидзе, Загузов.

Төреші: Михеев С. (Ресей)

«Балуан Шолақ» СК. 2 наурыз. 2016 ж.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или