Қазақ футзалы чемпионатсыз қалуы мүмкін бе

Футзалдан Қазақстан құрамасының ЕУРО-дағы «қоласы» командалық спорт түрлері бойынша еліміздің ірі жетістігі. Сыртынан бәрі тамаша болып көрінгенімен, ақсап тұрған тұстар да баршылық. Себебі, қазіргі таңда футзалдан ел чемпионатында небәрі бес (!) команда өнер көрсетеді. Жақында ғана бұл тізім төртке дейін қысқаруы мүмкін – «Аят» ел чемпионатын жалғастырудан бас тартып, Ресейдің регионалды лигасында ойнағысы келетінін білдірді.

Қазіргі таңда, елімізде футзалдан бір ғана тұрақты команда бар, ол - алматылық «Қайрат». Көп жылдар бойы «Қайратқа» қарсылық көрсетіп жүрген «Тұлпардың» жағдайы мәз емес. Қарағанды облысы «Тұлпарды» қаржыландыруға келіспегендіктен Анатолий Смотрицкийдің командасы «Астана-Тұлпар» атауымен шығып жүр. Ондағы демеушісі – Қазақстан футбол Федерациясы. Соған қарамастан, Әміржан Мұқановтың командасы ары қарайда Ұлттық құрамаға ойыншыларды дайындауға мүдделі. Сербияда өткен Еуропа чемпионатында Қазақстан намысын қорғаған ойыншылардың тең жартысы – сол «Тұлпардың» түлектері. Егерде «Тұлпар» жабылса, қазақ футзалының болашағы қандай болатыны үлкен сұрақ.

Чемпионатында төрт-бес-ақ командасы бар Қазақстан құрамасының Еуропа біріншілігіндегі нәтижесі үлкен ерлікке баланады. Әрине, бразилиялық «қазақтар» Лео, Дуглас пен Игитасыз бұл нәтижеге қол жеткізуіміз екі талай еді. Қазірдің өзінде, Ұлттық құрамамыздағы көп ойыншылардың жасы 26-дан асқан. Олардың орнын басатын жас ойыншылар көрінбейді әзірше.

Қазақстан футбол Федерациясы футзалға деген көзқарасын өзгертті. Бұл тұрғыда «Қайрат» президенті Қайрат Оразбековтың айтқан сөзі орынды: «Қазақстан Премьер-лигасының әр клубында бір футзал командасы болуы тиіс. Тек сол кезде ғана біз бұл спорт түрін елімізде дамытамыз». Жалпы Еуропада мұндай жиі кездеседі, мәселен «Барселона» футбол клубымен қатар, оның футзал командасы да әлемде көш бастап тұр.

«Қайрат» әлемге танымал команда, «Астана-Тұлпардың» да шамасын білеміз. Ал қалған үш команда - «Аят», «Ұшқын-Искра» мен «Мұнайшы» жайлы естіген адамдар шамалы. Чемпионатта «Қайрат» пен «Астана-Тұлпарға» төтеп бере алатын команда жоқ. Осыдан бірнеше жылдар бұрын футзалдан ел чемпионатында командалардың саны бүгінгіден қарағанда әлдеқайда жоғары болған. Енді жыл сайын командалар азайып келеді. «Аят» жайлы айтқан болатынмыз, ал енді қаржылық қиыншылықтары бар «Мұнайшы», «Ұшқын-Искра» мен «Астана-Тұлпардың» болашағы әзірге белгісіз, демек Қазақ футзалының болашағы тұманды...

Бұлай жалғаса беретін болса, «Қайраттың» Ресей чемпионатына ауысып кетуі де ғажап емес. Әрине, мұндай жағдайға дейін жетпейді деген үміттеміз. Үлкен футболдан қарағанда футзалда біздің мүмкіншіліктеріміз жоғары. Жаманқұлов, Есенаманов, Сүлейменов сынды жігіттерімізге қарап, Қазақ футзалы елімізде қолдау табатынына сенімдіміз.

Дайындаған: Қайсар ОҚАС

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или