Еременко кубогы. Үлкен айқас алдында

Еременко кубогы. Үлкен айқас алдында

2-6 наурыз аралығында Алматыда Балуан Шолақ атындағы спорт кешенінде алты команда футзалдан Еременко Кубогын сарапқа салады. ТМД елдерінің клубтары арасында өтетін аталмыш турнир осымен үшінші рет ұйымдастырылуда. Осы орайда «PROСПОРТ» тілшісі шағын футболдан дүбірлі доданың қатысушыларымен таныстырмақ.

Бұл жарыста алты ұжым үш-үштен екі топқа бөлінген. Әр топтан екі клуб жартылай финалға шығып, артынша финалдың ойындары өтеді.

«А» тобында ресейлік «Синара», латвиялық «Никарс» және қазақстандық «Астана-Тұлпар» командалары өнер көрсетеді. «Синара» - Ресейдің екі дүркін чемпионы, 2007-2008 жылғы маусымда УЕФА кубогын жеңіп алған. Бірақ соңғы жылдары команда ішкі біріншілікте өз тегеуірінін көрсете алмай жүр. Дегенмен екатеринборлық команда – Еременко кубогының қазіргі чемпиондары. Сондықтан, бұл команда бірден фавориттер қатарына қосылады. «Синара» Еременко кубогына үш ретте де қатысып, біріншісінде күміс медаль еншіледі, ал екіншісінде алтын жүлде алғанын айттық.

«Синараға» бұл топта нағыз қарсылық көрсететін ригалық команда болмақ. «Никарс» құрылғанына 14 жыл болса да, Латвияның сегіз дүркін чемпионы атанып үлгерген. Бір мәрте ел кубогы мен суперкубогын да жеңіп алған. Құрамында Латвиядан бөлек, Бразилия мен Португалиядан шебер ойыншылар өнер көрсетеді. «Никарс» та үшінші рет Еременко кубогында бақ сынамақ. Бірақ алғашқы екеуі «көк түстілер» үшін сәтсіз аяқталған. Латвиялықтар екеуінде де топтан соңғы орын алды. Енді сол сәтсіздіктердің орнын биыл табысты ойынмен толтырмақ.

«А» тобында ресейлік және латвиялық чемпиондарға елордалық «Астана-Тұлпар» қарсылық көрсетпек. Бұл команда бірнеше жыл бойы Қазақстан чемпионатында вице-чемпион атанып, алматылық «Қайраттың» көлеңкесінде қалып жүр. Дегенмен де, екі рет Қазақстан суперкубогы мен үш мәрте ел кубогын еншіледі. Команда, негізінен, қазақстандық футболшылардан құраған. Оның үстіне, «Астана-Тұлпар» жақында ғана Еуропада сенсация жасаған Қазақстан құрамасының базалық клубы саналады. Былтыр да Еременко кубогына қатысқан олар жарысты төртінші орында аяқтады. Қазақстандық команда топтағы азулы қарсыластарына күш көрсетіп, жартылай финалға шығуға дәрмені жетеді.

Ал «В» тобында ресейлік клубтар «Тюмень» мен «Норильский никель» және алматылық «Қайрат» кім мықтыны анықтайды. Расы керек, түмендік команда Ерменко кубогының вице-чемпионы болғанымен, бұл ұжым үлкен жетістіктерімен мақтана алмайды. Команданың Ресей чемпионатындағы ең жоғарғы көрсеткіші – 2009-2010 маусымдағы күміс жүлдесі. Сол жылы ел кубогында финалға дейін жетіпті. «Тюменьнің» бұдан басқа ауыз толтырып айтарлықтай жетістігі жоқ. Бұл команда да аталмыш кубокқа үшінші рет қатысып жатыр, біріншісінде төртінші орыннан көрінсе, келесі жылы күміс жүлде еншілеген болатын.

Еременко кубогының биылғы дебютанты – «Норильский никель». Бұл команда қазақстандық жанкүйерлерге таныс емес. Шынайы көзбен қарар болсақ, олар жарыстың аутсайдері саналады. Команда 2001-2002 жылғы маусымда Ресей чемпионы атанған. Бірақ сол кезден бері команда ел суперлигасында төртінші орыннан жоғары көтерілмеген. Сондықтан, бүгінде фавориттер тізімінін сызылып қалды.

Ал бұл топтың, тіпті, бұл турнирдің басты фавориті – алматылық «Қайрат». Бұл команда Қазақстанда ғана емес, Еуропада да белді клубтардың бірі саналады. Тұңғыш рет ұйымдастырылған Еременко кубогында топ жарған болатын, әйтсе де, келесі жылы чемпиондық атағын сақтай алмай, үшінші орынды қанағат тұтты. Сондықтан Какау шәкірттері биыл кубокты өздеріне қайтарып алмақ. Оның үстіне, УЕФА Кубогындағы сәтсіз ойынынан кейін алматылықтарға өз жанкүйерлерінің алдында Еременко кубогында тағы да жеңімпаз атану қажет.

Биыл Еременко кубогын сарапқа салатын клубтар осындай. Балуан Шолақ атындағы спорт кешенінде қай команда болмасын, алаңнан күрессіз кетпек емес. Сондықтан бізді көктемнің алғашқы күндері шағын футболдан үлкен жекпе-жектер күтіп тұр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или