ҚХЛ: бүгін үш матч өтеді

ҚХЛ: бүгін үш матч өтеді

Бүгін Тольятти, Череповец және Санкт-Петербург қалаларында ҚХЛ тұрақты чемпионатының кезекті үш матчы өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

20:00. «Лада» – «Локомотив»

Ярославльдің «Локомотиві» осы маусымда үшінші рет «Ладаның» қақпасына шайба соғуға тырысады. Ай басында командалар екі рет кездесіп, екі ойында да тольяттилік ұжым сенсациялық түрде 1:0 есебімен жеңіске жеткен.

21:00. «Северсталь» – «Сибирь»

«Северсталь» өз айдынында новосібірлік «Сибирьді» қабылдайды. Алаң иелері кездесудің айқын фавориті саналады. Өз жанкүйерлерінің қолдауы череповецтік ұжымға маңызды ұпай жинауға көмектесуі мүмкін. Ал қонақтар сырт алаңдағы сәтсіздіктер сериясын тоқтатуға тырысады.

21:30. СКА – «Барыс»

Соңғы сырт алаңдағы матчтарда тәуір өнер көрсеткеніне қарамастан, СКА әлі де плей-офф аймағынан тыс тұр. Дегенмен астаналық «Барысқа» қарсы кездесуде Санкт-Петербург клубы фаворит саналады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или
реклама
реклама
реклама
реклама