«Адам өз сөзі үшін жауап беруі керек». Ислам Махачев Нурмагомедовтер мен Двалишвили арасындағы жанжал туралы айтты

«Адам өз сөзі үшін жауап беруі керек». Ислам Махачев Нурмагомедовтер мен Двалишвили арасындағы жанжал туралы айтты

UFC ұйымының жартылай орта салмақтағы чемпионы Ислам Махачев Усман және Умар Нурмагомедовтер мен Мераб Двалишвили арасындағы жанжалға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Махачевтің айтуынша, БАӘ-де болған оқиға қоғамда тым көп талқыланған. Ол жанжалдың түп-төркіні Грузияда болған бұрынғы келіспеушіліктен басталғанын атап өтті.

«Чемпионат» тілшісі Илья Никульниковке берген сұхбатында Махачев командаластарының әрекетін қолдап, оқиғаның мән-жайын түсіндірді.

– Мераб пен Усман арасындағы төбелес туралы не ойлайсың?

– Бұл оқиғаны тым әсірелеп жіберді. Мүмкін, Әмірліктерде мұндай жағдайлар сирек болатын шығар. Ал бізде, Дағыстанда көшеде күн сайын төбелес болып жатады. Көпшілік бұл жанжалдың Грузияда қалай басталғанын білмейді. Мераб өзін лайықсыз ұстады. Менің білуімше, ол анасы өмірде жоқ адамның анасын қорлаған. Ал ана – қасиетті ұғым. Біздің жігіттер дұрыс істемеді деп ойламаймын. Адам өз сөзі үшін жауап беруі керек. Егер шектен шықса, оның салдары болатынын түсінуі тиіс.

– Көпшілік бір адамға бірнеше адамның жабылғанын сынап жатыр. Бұған не дейсің?

– Намысқа тиген кезде мәселе біреуге біреу немесе екеуге біреу болып төбелесуде емес. Егер біреуді жекпе-жекке шақырып, жеке төбелессең, ол түсінікті. Бірақ Грузияда Мераб оны ұрып жіберген, кейін төбелесті жалғастыруға мүмкіндік бермеген. Ол жерде грузиндер көп болып, қарсы әрекет жасауына жол бермеген. Содан бері оның ішінде реніш қалған. Мерабпен қайта кездесудің сәті түспеген. Кейін оны көргенде сол әрекеті үшін жауап сұраған, – деді Махачев.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или
реклама
реклама
реклама
реклама