UFC рейтингінде үлкен өзгеріс: Сириль Ган Том Аспиналлды басып озды

UFC рейтингінде үлкен өзгеріс: Сириль Ган Том Аспиналлды басып озды

Абсолютті жекпе-жек чемпионаты (UFC) салмақ дәрежесіне қарамастан үздік файтерлердің жаңартылған рейтингін жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Pound-for-Pound (P4P) рейтингінің алғашқы ондығындағы басты өзгеріс франциялық ауыр салмақтағы файтер Сириль Ганға қатысты болды. Ол бірден төрт сатыға көтеріліп, британиялық Том Аспиналлды басып озды.

UFC тарихында ауыр салмақтың бірден екі өкілінің P4P рейтингіндегі үздік ондыққа қатар енуі сирек кездеседі. Соңғы рет мұндай жағдай бірнеше жыл бұрын Фрэнсис Нганну мен Стипе Миочич рейтингтің жоғарғы бөлігінде болған кезде тіркелген. Сондай-ақ Даниэль Кормье мен Миочич арасындағы бәсекелестік кезеңінде де осындай жағдай болған.

Ал рейтингтің көш басында жартылай орта салмақтағы UFC чемпионы Ислам Махачев тұр. Ресейлік файтер P4P рейтингіндегі бірінші орнын сақтап қалды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или
реклама
реклама
реклама
реклама