Арсен Венгер ФИФА президенті атануы мүмкін
Лондондық «Арсеналдың» бұрынғы бас бапкері Арсен Венгер ФИФА президенттігіне үміткер болу мүмкіндігін қарастырып жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz.
Франциялық басылымның мәліметінше, қазіргі уақытта ФИФА-ның футболды жаһандық дамыту жөніндегі директоры қызметін атқаратын 77 жастағы маман ұйымның қазіргі басшысы Джанни Инфантиноға бәсекелес болуға дайын.
Венгер өз кандидатурасын ұсыну-ұсынбау жөніндегі түпкілікті шешімді келесі аптаның ортасында қабылдауды жоспарлап отыр.
ФИФА президентінің сайлауы 18 наурызда Марокконың Рабат қаласында өтетін ұйым конгресінде ұйымдастырылады.
Айта кетейік, Джанни Инфантино 2016 жылдан бері ФИФА президенті қызметін атқарып келеді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или