Карлос Алькарас ATP қорытынды турниріндегі мүмкіндігі туралы айтты
Әлемдік рейтингте үшінші орында тұрған испаниялық теннисші Карлос Алькарас ATP қорытынды турниріндегі мүмкіндігін бағалады, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Үлкен дулыға» турнирлерінің жеті дүркін чемпионы 15-22 қараша аралығында Италияның Турин қаласында өтетін жарыста басты фавориттердің бірі бола ала ма деген сұраққа жауап берді.
«Көре жатармыз. Бұған дейін бұл турнирдегі матчтар мен үшін өте қиын болған. Бірақ қазір өзімді өте жайлы сезінемін. Осы төсеніште ойынымды жақсартып келемін.
Туринге барып, дәл қазіргідей өнер көрсетуге тырысамын. Үнемі алға ұмтылып, ойынымды жетілдіре беремін.
Фаворитпін бе, жоқ па, оны уақыт көрсетеді. Шынымды айтсам, бұл менің қолымда емес және ол туралы бас қатырғым келмейді. Мен тек Туринге барып, жақсы теннис көрсетіп, ойыннан ләззат алғым келеді. Ал мені фаворит деп санай ма, жоқ па, оны жанкүйерлердің өзі шешсін», – деді Алькарас баспасөз мәслихатында.