«Олар қайтып оралады деп күтпе»: UFC файтері Дана Уайтқа жауап берді

«Олар қайтып оралады деп күтпе»: UFC файтері Дана Уайтқа жауап берді

Америкалық UFC файтері Джош Хокит ұйым президенті Дана Уайттың өзіне қатысты айтқан мәлімдемесіне жауап берді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұған дейін Дана Уайт Хокиттің арандатушылық сипаттағы мәлімдемелері үшін оған әдейі мықты қарсыластар таңдағанын мойындаған еді. Осылайша UFC басшысы спортшыны жазалауды көздеген.

Алайда 28 жастағы америкалық файтер мұндай әрекеттен қорықпайтынын жеткізді.

«Дана, маған кімді қарсы қойсаң да өзің біл. Бірақ олардың қайтып оралуын күтпе», – деп жазды Хокит әлеуметтік желідегі парақшасында.

Хокит келесі жекпе-жегін 14 қарашада Нью-Йоркте өтетін UFC 334 турнирінде өткізеді. Оның қарсыласы франциялық Сирил Ган болады.

Аталған кездесуде UFC ұйымының ауыр салмақтағы чемпиондық белбеуі сарапқа салынады. Қазіргі уақытта уақытша чемпиондық атаққа ие Ган букмекерлердің бағалауы бойынша жекпе-жектің фавориті саналады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или
реклама
реклама
реклама
реклама