Нұралы Әліп түріктің «Галатасарай» клубының назарына ілікті
Санкт-Петербургтің «Зенит» клубы мен Қазақстан ұлттық құрамасының қорғаушысы Нұралы Әліпке түркиялық «Галатасарай» қызығушылық танытты. Қазақстандық футболшыны түрік клубына жергілікті инсайдер Бурак Ерен ұсынған, деп хабарлайды Prosports.kz.
Нұралы Әліп 2023 жылдың қаңтарынан бері «Зенит» сапында өнер көрсетіп келеді. Ол Санкт-Петербург клубына алматылық «Қайраттан» ауысқан.
Осы уақыт аралығында қазақстандық қорғаушы «Зенит» жейдесімен 130 матч өткізіп, үш гол соққан. Сонымен қатар клубпен бірге тоғыз жүлдеге қол жеткізген.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или