Қазақстандық дзюдошы әлемдік рейтингте үздік ондыққа енді

Қазақстандық дзюдошы әлемдік рейтингте үздік ондыққа енді

Қазақстандық дзюдошы Шерзод Давлатов Халықаралық дзюдо федерациясының (IJF) жаңартылған әлемдік рейтингінде жоғарылады, деп хабарлайды Prosports.kz.

60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсететін отандасымыз бірден 15 сатыға көтеріліп, тоғызыншы орынға жайғасты. Оның еншісінде 3263 рейтингтік ұпай бар.

Бұл салмақта Әзербайжан өкілі Ахмад Юсифов 5180 ұпаймен көш бастап тұр. Оның отандасы Балабей Агаев 4823 ұпаймен екінші орында болса, ресейлік Аюб Блиев 4600 ұпаймен үздік үштікті түйіндейді.

Айта кетейік, бұған дейін Шерзод Давлатов Әзербайжан астанасы Бакуде өткен әлем чемпионатында 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде күміс медаль жеңіп алған еді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или