Поль Погба АҚШ чемпионатына ауысуы мүмкін

Поль Погба АҚШ чемпионатына ауысуы мүмкін

Франциялық жартылай қорғаушы Поль Погба «Монакодан» кеткеннен кейін мансабын АҚШ-тың MLS лигасында жалғастыруы мүмкін, деп хабарлайды Prosports.kz.

33 жастағы футболшының өкілдері MLS клубтарының ұсыныстарын қарастырып жатыр. Инсайдер Экрем Конурдың мәліметінше, олар бірнеше командамен байланысқа шыққан.

Погбаның мансабын жалғастыруы мүмкін клубтардың қатарында «Нью-Йорк Сити», «Ди-Си Юнайтед» және «Интер Майами» бар. Алайда әзірге олардың ешқайсысымен нақты келісім жасалған жоқ.

Тамыз айында Погба мен «Монако» өзара келісім бойынша ынтымақтастықты тоқтатты. Футболшының келісімшарты 2027 жылдың маусымына дейін жарамды болғанымен, денсаулығына байланысты қиындықтар оның командаға бейімделіп, тұрақты түрде алаңға шығуына кедергі келтірді.

Бұған дейін француз футболшысы «Манчестер Юнайтед» пен «Ювентус» сапында өнер көрсетті. «Манчестер Юнайтедпен» бірге Еуропа лигасын жеңіп алса, «Ювентус» құрамында Италияның төрт дүркін чемпионы атанды. Погбаның мансабындағы басты жетістіктерінің бірі — 2018 жылы Франция құрамасымен бірге әлем чемпионы атануы.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или