Жалғас Қайролла дзюдодан әлем чемпионатында үшінші айналымға өтті

Жалғас Қайролла дзюдодан әлем чемпионатында үшінші айналымға өтті

Қазақстандық дзюдошы Жалғас Қайролла Әзербайжанның Баку қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатындағы жарысын сәтті бастады, Prosports.kz.

81 келіге дейінгі салмақта өнер көрсетіп жатқан спортшы екі белдесуінде де жеңіске жетіп, енді ширек финалға шығу үшін күресін жалғастырады.

Қайролланың алғашқы қарсыласы түркиялық Эрман Гюрген болды. Қазақстандық дзюдошы оны жеңіп, кейін Бахрейн өкілі Аскербий Гербековтен де басым түсті.

Әлем чемпионатының үшінші айналымында Қайролла Сербия өкілі Михайло Симинмен кездеседі.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или