Шавкат Рахмонов Майкл Моралеске қарсы жекпе-жек өткізуі мүмкін

Шавкат Рахмонов Майкл Моралеске қарсы жекпе-жек өткізуі мүмкін

Қазақстандық UFC файтері Шавкат Рахмонов жеңіліп көрмеген эквадорлық нокаутер Майкл Моралеске қарсы 2027 жылдың қаңтарында октагонға шығуы мүмкін, деп хабарлайды Prosports.kz.

Рахмонов әлеуметтік желідегі парақшасында екі видео жариялады. Бірінде «19-0 VS 19-0», екіншісінде «2027» деген жазу және Өрмекші адамның эмодзиі көрсетілген. Бұл жекпе-жектің 2027 жылдың қаңтарында немесе ақпанында өтуі мүмкін деген болжамға негіз болды.

Бұған дейін Моралес титулдық жекпе-жекке дайындалып жүріп, Рахмоновты «дивизионның соңғы боссым» деп атаған.

Рахмонов октагонға соңғы рет 2024 жылдың 7 желтоқсанында Лас-Вегаста (АҚШ, Невада штаты) өткен UFC 310 турнирінде шығып, ирландиялық Иэн Мачадо Гэрриді төрешілердің бірауызды шешімімен жеңді.

Ал UFC-дің жартылай орта салмағында үшінші орында тұрған Моралес соңғы жекпе-жегін 2025 жылдың 15 қарашасында Нью-Йоркте өткен UFC 322 турнирінде өткізіп, америкалық Шон Брэдины бірінші раундта нокаутқа түсірді.


Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или