ҚХЛ үшінші аптаның үздіктерін атады: «Барыс» ойыншылары тізімде жоқ
Құрлықтық хоккей лигасы 2026/27 жылғы тұрақты чемпионаттың үшінші аптасы бойынша үздік ойыншыларды атады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Аптаның үздік қақпашысы атағына «Северсталь» командасының голкипері Александр Самойлов ие болды. Ол командасына үш кездесудің үшеуінде де жеңіске жетуге көмектесті. Қақпашының сенімділік коэффициенті – 1,33. Осы аралықта оның қақпасына 86 соққы жасалып, Самойлов олардың 95,35 пайызын қайтарды.
Үздік қорғаушы аталымында СКА ойыншысы Даниил Мироманов жеңімпаз атанды. 29 жастағы хоккейші екі матчқа қатысып, төрт ұпай жинады. Бір шайба соғып, үш нәтижелі пас берді. «Тракторға» қарсы (4:3) кездесуде Мироманов жеңіс голын соқты. Сонымен қатар ол бір рет күш қолдану әдісін жасап, жеті соққыны бұғаттап, бір рет шайбаны тартып алды.
Аптаның үздік шабуылшысы «Нефтехимик» форварды Дамир Жафяров атанды. 32 жастағы хоккейші үш матчта сегіз ұпай жинады (5+3) және аптаны «+4» пайдалылық көрсеткішімен аяқтады. Жафяров үшін «Ладаға» қарсы (7:3) матч ерекше нәтижелі болып, хет-трик жасады. Сондай-ақ оның есебінде бір күш қолдану әдісі, үш бұғатталған соққы және бір шайба тартып алу бар.
Үздік жаңа ойыншы атағы «Шанхай Дрэгонс» командасының 21 жастағы шабуылшысы Егор Соловьевке берілді. Ол екі кездесуде үш ұпай жинады (1+2). Бұдан бөлек, форвард бес күш қолдану әдісін жасап, бір рет шайбаны тартып алды және бір рет қарсыластың пасын ұстап қалды.
Айта кетейік, ҚХЛ чемпионатының үшінші аптасы бойынша үздіктер қатарында «Барыс» командасының ойыншылары жоқ.